9 Май 2026, Сб

Uncategorized

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ЖЕҢІЛДІКТЕР

Түркістан қаласында 25 қазан – Республика күніне орай өңірде сауда-саттық саласында мерекелік акциялар басталды. Әкімдік ұйымдастыруымен “Тұран Mall”, “Керуен Сарай” және “Қаншайым Plaza” сауда орталықтарындағы дүкендерде тауарларға 10 пайыздан 50 пайызға дейінгі жеңілдіктер ұсынылуда.

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ОБЛЫС КӘСІПКЕРЛЕРІН ҚОЛДАУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА

Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамытуға серпін беріп отырған ұйымның бірі – облыстық аймақтық инвестициялық орталығы. Ол өңір экономикасының басым бағыттарындағы жобаларды қаржыландырып келеді. Серіктесті кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие ұсынып, өңірдің даму бағдарламаларына енген жобаларды жүзеге асыруға өз үлесін қосуда.

МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМЫ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ СЕРПІН БЕРУДЕ

Түркістан облысында ауылдық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жұмыс істейтін «Ырыс» микрокредит ұйымы биыл да белсенді қызмет атқаруда. 2009 жылдан бері 73 миллиард теңгеден аса қаржы бөлініп, 25 мыңнан аса жоба қаржыландырылған.

ЖҮСІП АТА КЕСЕНЕСІНЕ БАСПАСӨЗ ТУРЫ ӨТТІ

Түркістанда Жүсіп ата кесенесіне арналған баспасөз туры ұйымдастырылды. Шараға университет профессорлары, БАҚ өкілдері, блогерлер және туристік ұйымдардың мүшелері қатысып, кесененің тарихымен жақынырақ танысты.

ЖАСТАРҒА КИБЕРҚАУІПСІЗДІК ПЕН ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ШАРА ӨТТІ

Болашақ колледжінде жастар арасында құқықбұзушылықтың, интернет алаяқтықтың және есірткі қылмысының алдын алуға арналған кездесу өтті. Шараны Түркістан қаласы әкімдігі ішкі саясат бөліміне қарасты Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Кездесуде қала прокуратурасының өкілдері мен облыстық және қалалық ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТ мамандары интернеттегі алаяқтық, кибербуллингтің зардаптары және есірткінің жасырын таралу тәсілдері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ЖИТС КЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ІС ШАРАСЫ ӨТТІ

Түркістандағы «Керуен сарай» кешенінде 1-желтоқсан – ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған ауқымды іс-шара өтті. Шараны Түркістан облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы ұйымдастырып, басқосуға өңірдің белсенді жастары мен сала мамандары қатысты.

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ ОҢАЙ ОЛЖАҒА СЕНУДІҢ САЛДАРЫ

Қазіргі таңда интернет біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Телефоны бар кез келген адам әлеммен байланыс орната алады. Бірақ, интернеттің пайдасымен қатар қауіпі де өсіп келеді. Соның ең үлкені — интернет-алаяқтық. Бір кездері тек қарапайым SMS арқылы алдайтын қылмыскерлер қазір кәсібін «жетілдіріп», түрлі схемалар ойлап табуда.

КЕНТАУДА ЗАҒИП ЖАНДАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІ КІТАПХАНА АШЫҚ

Кентау қаласында ерекше жандарға арналған арнайы кітапхана бар. Мұнда зағип жандар үшін Брайль әліпбиімен терілген кітаптар мен түрлі жанрдағы аудиотолықтамалар ұсынылған. Кітапхана мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, мәдени дамуына жағдай жасап келеді. Сонымен қатар, келушілерге қолайлы орта қалыптастыру мақсатында арнайы техникалық жабдықтар орнатылған.

КЕНТАУДА “КӨЗҚАРАС” ҚОРЫ ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ

Кентау қаласында ерекше жандарға арналған “Көзқарас” атты қоғамдық қор жұмысын жасап келеді. Қор өкілдері көру қабілеті бұзылған азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетіп, қажетті құралдармен қамтамасыз етуде. Қор мүшесі Райхан Амангелдиева да көрсетілген қамқорлыққа ризашылығын білдіріп отыр. Оның айтуынша, қалада зағип жандарға жасалған мүмкіндік бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен.

КЕНТАУЛЫҚ 14 ЖАСАР АЙСУ ТАЛПЫНЫСЫМЕН ТӘНТІ ЕТТІ

Кентау қаласында ерекше жігерімен көпке үлгі болып жүрген қыз бар. Ол — 14 жасар Айсу Ахмет, мүмкіндігі шектеулі болса да, арманынан бас тартпаған қайсар қыз. Айсу сурет салуды ұнатады, ән айтуға да құмар, әрі компьютер тілін терең меңгеріп келеді. Болашақта бағдарламашы болуды армандайтын ол төзімділігімен талайға өнеге көрсетіп жүр.