Қазіргі таңда интернет біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Телефоны бар кез келген адам әлеммен байланыс орната алады. Бірақ, интернеттің пайдасымен қатар қауіпі де өсіп келеді. Соның ең үлкені — интернет-алаяқтық. Бір кездері тек қарапайым SMS арқылы алдайтын қылмыскерлер қазір кәсібін «жетілдіріп», түрлі схемалар ойлап табуда.
