«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы су тасқынына қарсы шараларға белсенді қатысып, аймақтарға табиғи апаттармен күресуге көмек көрсетіп жатыр. Компания жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері бойынша Батыс Қазақстан және Атырау облыстарына қосымша арнайы техникаларды жұмылдырды.
Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысының Бөрлі және Теректі аудандарына 33 бірлік техника жіберілді. Сонымен қатар, резервте кез келген уақытта қолдау көрсетуге қосымша 74 бірлік техника дайын тұр. Атырау облысының Атырау, Құлсары қалаларында және Махамбет, Хамит Ерғалиев пен Дамбы елді мекендерінде 138 бірлік техника су тасқынына қарсы шараларда жұмыс істеуде. Сондай-ақ, табиғи апатты алдын алуға басқа облыстардан қосымша 64 бірлік техника мобилизацияланды.
Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде Қазақстанның басқа өңірлеріне, соның ішінде Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарына қосымша көмек жіберілді. Жалпы 2106 бірлік жол-құрылыс техникасы, 24 мотопомпа мен 2826 жұмысшы жұмылдырылды.
Осылайша, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының су тасқынына қарсы атқарып жатқан шаралары зардап шеккен облыстарда залалды барынша азайтуға және оны алдын алуға, еліміздің тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз септігін тигізбек.
Меркі ауданындағы Т.Рысқұлов ауылына қарасты кіші арал су қоймасының су бөгетін сапасыз салғандар ұсталды. Атаулы компания 2020 жылы мемлекеттік тапсырыс есебінен жасаған. Дегенмен, өткен жылы салған бөгетін су шайып кеткен.Салдарынан шаруалар судан қағылды.Кінәлілерге қандай шара қолданылды? Сәлден соң…
Тәртіп сақшылары тәртіпке көнбейтін тұрғындардан көрісіні көруде.Қаңтар оқиғасынан бері өршіген басбұзарлық қаламызда биыл 8 рет орын алған. Дені спирттік ішімдікке масайрап, инспекторларды соққыға жыққан.Тәртіп орнатамыз деген тәртіп сақшылары қашан алаңсыз жұмысын атқармақ? Ұрдажық тұрғындардың ессіз әрекетіне қандай жаза қолданылады?
Жамбылда жол апаты азаймай тұр. Бір ғана Т.Рысқұлов ауданында жыл басынан бері 81 жол көлік оқиғасы орын алған.Салдарынан 19 адам қаза болып,157 адам жарақаттанған.Бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір жоғары.Тасжолдағы тағдыр тәлкегін тыю үшін қандай жұмыстар атқарылуда? Нәтиже қандай? Анығын алдағы уақытта айшықтаймыз.
Байзақ ауданындағы Бұрыл ауылының жерін заңсыз сатқан алаяқтар ұсталды. Бір жердің үш бірдей иесі табылып, өзара бөлісе алмай жатқан жұрттың жайы не болды? Пайда көрмек болған қызметкерлер қашан және қалай құрықталды? Бұл туралы сәлден соң…
Байзақ ауданы Мырзатай ауылдық округіне қарасты Сеңкібай ауылының тұрғындары 20 жыл күткен жолдың сиқы нашар.Салынған кезінен бері битум төселмегеннен үгітілуде.53 миллионға салынған жолдың жайы осы.Мердігер компания жаңадан саламыз деген жолдың бүгінгі жайы қандай? Кемшілік түзелді ме? Осы сауалдарға бүгінгі бағдарламада жауап іздейміз.