19 Апр 2026, Вс

Спорт

БОЗКІЛЕМДЕГІ БӘСЕКЕ: ТАРАЗДА ТАЛАНТТАР ТАНЫЛДЫ

Тараз қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U15 және U23 арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Он күнге созылған чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен келген 2 034 жас балуан қатысты.

Аталған дода жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, болашақ ұлттық құрама сапына үміткер балуандарды анықтауда маңызды жарыстардың бірі саналады. Әр салмақ дәрежесінде үздік шыққан спортшылар Қазақстан құрамасының қатарына қосылып, ресми чемпионаттарда ел намысын қорғайды.

Жарыс аясында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша жалпыкомандалық есеп қорытындылары шығарылды. Жүлделі орындарға іліккен өңірлердің медаль көрсеткіші олардың дайындық деңгейін айқын аңғартады. Мәселен, Түркістан облысының құрамасы 19 алтын, 16 күміс және 19 қола медаль еншілеп, бірнеше бағытта көшбасшылықты бекемдеді. Алматы облысы 10 алтын, 6 күміс, 10 қола медальмен тұрақты нәтижесін көрсетті. Атырау облысының қоржынында 6 алтын, 5 күміс, 6 қола жүлде болса, Жамбыл облысы 7 алтын, 4 күміс, 7 қола медальға қол жеткізді. Алматы қаласының балуандары 7 алтын, 4 күміс, 6 қола медаль иеленіп, жоғары деңгейін дәлелдеді. Ал Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстары тиісінше 2 алтын, 3 күміс, 3 қола медальдан еншіледі.

Атап айтқанда, Қазақстан күрес федерациясының спорт директоры Жандос Сайханов турнирдің жалпы деңгейіне тоқталып, өңірлік дайындық жүйесіне қатысты пікір білдірді.

Тараз төрінде өткен чемпионатымыз біз үшін нақты талдау алаңы болды. Қай өңірде жүйе бар, қай бағытта жұмыс әлсіз – бәрі көрінді. Түркістан облысының нәтижесі олардың бірізді дайындық жүйесін көрсетсе, басқа өңірлерден өз бағыттары бойынша алға жылжи бастағаны байқалады. Ең бастысы бәсеке бар. Қазір бізге дәл осы ішкі бәсекені жоғалтпай, оны сапаға айналдыру маңызды. Осы чемпионатта көзге түскен балуандар алдағы уақытта ұлттық құрама сапына тартылып, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғауға өз мүмкіндіктерін алады, – деді чемпионатқа жоғары бағасын берген Жандос Түсіпханұлы.

Жалпы алғанда, биылғы чемпионат бір ғана өңірдің айқын үстемдігімен емес, керісінше бірнеше аймақтың өз бағыттары бойынша алға шыққанын көрсетті. Дегенмен, Түркістан облысының кешенді нәтижесі оны көшбасшы өңір ретінде даралап тұр. Ал өзге өңірлердің бәсекеге қабілеттілігі ел ішіндегі күрестің деңгейі өсіп келе жатқанын аңғартты.

Биылғы чемпионаттың басты жаңалықтарының бірі – еркін күрестен Әлем чемпионы Ризабек Айтмұханның 125 келі салмақта күресуі болды. Астаналық балуан өзіне тың салмақта белдескеніне қарамастан, финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде ақтөбелік спортшы Әлімжан Сәлімжанды айқын басымдықпен жеңді.

Менің жеңіске жетудегі басты тактикам – арсеналымдағы барлық әдіс-тәсілді тиімді қолданып, 6 минут бойы аянбай күресу, қарсыласымды толық бақылауда ұстау. Бұл жолы да сол жоспарым жүзеге асты. Ал жаңа салмаққа келер болсақ, бапкерлеріммен ақылдасып, ішкі жарыстарда 125 келіде, ал халықаралық додаларда 97 келіде күресетін болып шештік. Бұған дейін Нұркен Әбдіровті еске алуға арналған турнирде ауыр салмақта өзімді сынап көрген едім. Алдағы уақытта Азия ойындары, Әлем және Азия чемпионаттарына қатысуды жоспарлап отырмын, – деді Ризабек Айтмұхан.

Жарыс барысында жекелеген спортшылардың өнері де ерекше бағаланды. Биылғы чемпионатта үш күрес түрі бойынша U15 және U23 жас санаттарында жалпы алты үздік балуан анықталып, оларға «Дара тәсіл» және «Қайсар рух» аталымдары табысталған болатын. Алдымен U15 жас санатында грек-рим күресінен 38 келіде күміс жүлдегер атанған маңғыстаулық Ералы Жандос «Қайсар рух» номинациясына ие болды. Әйелдер күресінде 50 келіде белдескен түркістандық Кәусәр Ілияс табандылығымен көзге түсіп, осы аталыммен марапатталды. Еркін күресте 62 келіде сынға түскен шымкенттік Көбей Торғауыт та «Қайсар рух» иегерлерінің қатарынан көрінді.

Ал U23 жас санатында грек-рим күресінен 77 келіде жүлдегер атанған шығысқазақстандық Елдос Камелов «Дара тәсіл» аталымына ие болды. Әйелдер күресінде 72 келіде топ жарған қызылордалық Жібекжан Сабыржанова да осы номинацияны жеңіп алды. Еркін күресте 74 келіде күрескен абайлық Алмас Сабыр «Дара тәсіл» иегері атанды.

Номинация иегерлеріне Қазақстан күрес федерациясы 150 мың теңгенің сертификаттарын табыстады.

Сонымен қатар, 41 келі салмақ дәрежесінің финалында белдескен балғын балуандар көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Райымбек Жақсылық пен ақтөбелік Байсалбек Ахметжан арасындағы белдесу соңғы секундқа дейін тартысты өтті. Жоғары деңгейдегі күресті бағалаған федерацияның президенті Еркін Оқсав қос балуанның әрқайсысына 300 мың теңгенің сертификатын табыстады.

Айта кетсек, грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U15 және U23 арасындағы Қазақстан чемпионатының жалпы жүлде қоры 45 миллион теңгені құрады. Атап айтқанда, U15 санатының чемпиондарына 200 мың теңге көлемінде сыйақы бекітілсе, екінші және үшінші орын иелеріне сәйкесінше 100 мың және 50 мың теңге табысталды. Ал U23 санатының үздіктері 500 мың теңге, күміс жүлдегерлер 300 мың теңге, ал қола медаль иегерлері 150 мың теңге көлеміндегі қаржылай марапатқа ие болды.

Қазақстан күрес федерация федерациясының баспасөз қызметі.

В ТАРАЗЕ ОПРЕДЕЛИЛИСЬ НОВЫЕ ЧЕМПИОНЫ СТРАНЫ

В Таразе завершился чемпионат Казахстана по греко-римской, вольной и женской борьбе среди возрастных категорий U15 и U23. В течение десяти дней на ковре соперничали 2 034 юных борца со всех регионов страны.

Этот чемпионат стал для молодых спортсменов не только борьбой за медали, но и возможностью заявить о себе. По его итогам определились кандидаты в национальную сборную, именно они в ближайшее время будут представлять Казахстан на международных стартах.

Медальный расклад отразил уровень подготовки региональных школ и наглядно показал расстановку сил. Сборная Туркестанской области завоевала 19 золотых, 16 серебряных и 19 бронзовых медалей, подтвердив лидерство сразу в нескольких видах. Алматинская область с 10 золотыми, 6 серебряными и 10 бронзовыми наградами продемонстрировала стабильный результат. В активе Атырауской области – 6 золотых, 5 серебряных и 6 бронзовых медалей, у Жамбылской – 7 золотых, 4 серебряные и 7 бронзовых. Борцы Алматы записали на свой счет 7 золотых, 4 серебряные и 6 бронзовых медалей. Восточно-Казахстанская и Карагандинская области получили по 2 золотые, 3 серебряные и 3 бронзовые награды.

Спортивный директор Федерации борьбы Казахстана Жандос Сайханов, подводя итоги турнира, отметил:

Чемпионат в Таразе стал для нас хорошей площадкой для анализа. Мы увидели, где выстроена система, а где еще есть пробелы. Результат Туркестанской области говорит о последовательной работе на всех уровнях. При этом и другие регионы заметно прибавляют в своих направлениях. Главное есть конкуренция. А там, где есть конкуренция, есть и рост. Сейчас важно сохранить этот уровень соперничества и перевести его в качество. Спортсмены, проявившие себя на этом чемпионате, будут привлечены в состав национальной сборной и получат шанс проявить себя на международной арене.

В целом чемпионат показал: борьба за лидерство идет сразу между несколькими регионами. При этом Туркестанская область за счет комплексного результата остается в числе главных лидеров.

Одним из заметных событий чемпионата стало выступление чемпиона мира по вольной борьбе Ризабека Айтмухана в весовой категории до 125 кг. Несмотря на новый для себя вес, столичный спортсмен дошел до финала и уверенно победил представителя Актюбинской области Алимжана Салимжана.

После соревнований Айтмухан отметил, что этот старт стал для него важным этапом:

Моя тактика использовать весь арсенал приемов и работать все шесть минут. И в этот раз моя тактика сработала. Мы с тренерами решили, что на внутренних стартах я буду выступать в 125 кг, а на международных в 97 кг. Ранее я уже пробовал себя в тяжелом весе на турнире памяти Нуркена Абдирова. Впереди Азиатские игры, который проходит раз вчетыре года, чемпионаты Азии и мира, – сказал он.

Отдельно были отмечены и лучшие спортсмены. В трех видах борьбы среди категорий U15 и U23 определили шесть лауреатов в номинациях «Дара әдіс» и «Қайсар рух».

В категории U15 в номинации «Қайсар рух» награды получили Ералы Жандос (до 38 кг, Мангистауская область, греко-римская борьба), Каусар Ильяс (до 50 кг, Туркестанская область, женская борьба) и Кобей Торгауыт (до 62 кг, город Шымкент, вольная борьба). А в категории U23 в номинации «Дара әдіс» были отмечены Елдос Камелов (до 77 кг, Восточно-Казахстанская область, греко-римская борьба), Жибекжан Сабыржанова (до 72 кг, Кызылординская область, женская борьба) и Алмас Сабыр (до 74 кг, область Абай, вольная борьба).

Обладатели данных номинации получили от Федерации борьбы Казахстана сертификаты на 150 тысяч тенге.

Особое внимание зрителей привлек финал в весовой категории до 41 кг. Представитель Северо-Казахстанской области Райымбек Жаксылык и борец из Актюбинской области Байсалбек Ахметжан вели напряженную борьбу до последних секунд. Президент федерации Еркин Окасов отметил высокий уровень поединка и вручил обоим юным спортсменам сертификаты по 300 тысяч тенге.

Стоит отметить, что общий призовой фонд чемпионата составил 45 миллион тенге. Победители U15 получили по 200 тысяч тенге, призеры – 100 и 50 тысяч. В категории U23 чемпионам было вручено по 500 тысяч тенге, серебряным призерам – 300 тысяч, а бронзовым – 150 тысяч тенге.

Пресс-служба Федерации борьбы Казахстана.

Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Макондағы (Джорджия, АҚШ) турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz. Жартылай финалда қазақстандық Зарина Дияс бразилиялық Беатрис Хаддад-Маяны екі сетте 6:4, 6:1 есебімен жеңді. Финалда Дияс Мэдисон Бренглмен (АҚШ) кездеседі.

Су добынан Қазақстан құрамасы Ресей біріншілігінде жеңіске жетті

Су добынан Қазақстан құрамасы ерлер командалары арасындағы Ресей чемпионатына қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz. Ресей чемпионаты аясында ерлер командалары арасында 6 кезең ойындары өтті. Додаданың кезекті кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы екі ойын өткізді. Қазақстан құрамасы Синтез командасымен кездесті. Екеуара кездесудің екі ойыны да Қазақстан үшін сәтті аяқталды. Бірінші кездесуде ел құрамасы қарсыласты 20:9 ұпайымен жеңсе, екінші ойын 19:4 есебімен отандастарымыздың еншісіне шешілді.