15 Ноя 2026, Вс

Жаңалықтар

ӨҢІР БАСШЫСЫ АСА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

Жамбыл ауданының Аса ауылында жаңадан бой көтерген 120 пәтерлі тұрғын үйдің кілттерін табыстау рәсімі өтті. Жаңа баспанаға 2016-2017 жылдардан бері кезекте тұрған көпбалалы отбасылар, ата-анасының қарауынсыз қалған балалар және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар ие болды. Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимова қатысты.

МЕДИЦИНАЛЫҚ АКАДЕМИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Жамбыл облысында алғаш рет медицина мамандарын даярлайтын жоғары оқу орны ашылмақ. Тараз қаласында Сейтхан Жошыбаев атындағы Халықаралық медицина академиясын құру жобасы қолға алынған. Бүгінде өңірде халық саны 1 миллионнан асқанымен, жеке медициналық жоғары оқу орны жоқ. Жаңа академия осы олқылықтың орнын толтырып, аймаққа қажетті дәрігерлерді даярлауға мүмкіндік береді. Жоба толықтай жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылып жатыр.

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Петропавл қаласында Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен көктемгі егіс жұмыстарын қорытындылау және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселесіне арналған республикалық кеңес өтті. Жиынға өңір әкімдері селекторлық режим арқылы қатысты. Жамбыл облысында кеңес облыс әкімдігінде өтіп, оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров қатысты. Кеңесте азық-түлік қауіпсіздігі, егіс алқаптарын әртараптандыру және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру талқыланды.

ЗАВЕРШЕНИЕ ВЕСЕННЕ-ПОЛЕВЫХ РАБОТ И РАЗВИТИЕ АПК

В Петропавловске под председательством Премьер-министра страны Олжаса Бектенова состоялось масштабное совещание, посвященное завершению весенне-полевых работ и актуальным вопросам развития агропромышленного комплекса. В селекторном режиме, посредством онлайн-связи, в заседании приняли участие акимы всех регионов республики. В Жамбылской области трансляция прошла на базе областного акимата с участием первого заместителя главы региона Нуржана Календерова. На повестке дня стояли вопросы продовольственной безопасности, диверсификации посевных площадей и укрепления экспортного потенциала отечественной продукции.

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Аймақтың білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытында Жамбыл облысында ауқымды жұмыстар атқарылып, соның ішінде облыс орталығы Тараз қаласында мекемелер желісі 323-ке жетті. Өңірдегі үш ауысымды мектептер мен оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында «Келешек мектептері» мен жаңа жапсарлас ғимараттар пайдалануға беріліп, өзекті мәселелер оңтайлы шешімін тапты. Бұл даму серпіні алдағы жылдарға арналған стратегиялық жоспармен ұштасып, облыс көлемінде жаңа Оқушылар сарайы мен мыңдаған орындық заманауи мектептердің құрылысына және 21 білім ошағын күрделі жөндеуден өткізуге негіз болмақ.

ИТОГИ УЧЕБНОГО ГОДА И ПЛАНЫ РАЗВИТИЯ ОБРАЗОВАНИЯ В ТАРАЗЕ

В Таразе официально завершился 2025–2026 учебный год. Главные итоги, качество знаний учащихся, новшества ЕНТ, а также масштабные планы по расширению школьной инфраструктуры до 2029 года озвучили в ходе брифинга на площадке Региональной службы коммуникаций. Главным спикером встречи выступила руководитель городского отдела образования Айгерим Алтынбаева. По ее данным, на сегодняшний день образовательная сеть областного центра включает 323 учреждения, а качество знаний школьников по сравнению с прошлым годом показало уверенный рост.

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ КҮШЕЙТІЛДІ

Түркістан облысында орман мен дала алқаптарын қызыл жалыннан қорғау жұмыстары күшейтілді. Қауіптің алдын алу бағытындағы шаралар өңірде жүйелі түрде жүргізілуде.

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР БАС ҚОСТЫ

Түркістанда іскер әйелдердің өңірлік конгресі өтті. Ауқымды жиын кәсіпкер әйелдердің әлеуетін арттырып, жаңа мүмкіндіктерді талқылайтын маңызды алаңға айналды. Форумда бизнес, инвестиция және экспорт бағыттары кеңінен сөз болды. Толығырақ тілшіміз баяндайды.

РӘМІЗДЕР МӘРТЕБЕСІ – ҰЛТ МЕРЕЙІ

Түркістан қаласындағы Фараб кітапханасында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттар форумы өтті. Елдік рухты дәріптеген басқосу қоғамның әр саласында еңбек етіп жүрген белсенді азаматтарды бір алаңға тоғыстырды.Толығырақ алдағы бейнесюжетте.

ЖАҢА САЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ: АКЦИЗДЕР ҚАЛАЙ ӨЗГЕРДІ?

2026 жылдан бастап Қазақстанда акциздерге қатысты жаңа өзгерістер күшіне енді. Енді акцизделетін тауарлар тізімі кеңейіп, мөлшерлемелер артты. Жаңа талаптар кәсіпкерлерге де, тұтынушыларға да әсер етпек. Толығырақ тілшіміз тарқатады.