8 Июн 2026, Пн

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Петропавл қаласында Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен көктемгі егіс жұмыстарын қорытындылау және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселесіне арналған республикалық кеңес өтті. Жиынға өңір әкімдері селекторлық режим арқылы қатысты. Жамбыл облысында кеңес облыс әкімдігінде өтіп, оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров қатысты. Кеңесте азық-түлік қауіпсіздігі, егіс алқаптарын әртараптандыру және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру талқыланды.