9 Май 2026, Сб

Uncategorized

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: БІРЛІК ПЕН БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

https://youtu.be/pdEgm8fK7MY

Сенбі күні еліміз бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясы аясында ірі сенбілік ұйымдастырылды. Табиғатқа жанашырлық танытуды мұрат еткен игі бастама бүгінде нағыз жалпыхалықтық қозғалысқа айналды.

ЗАҢСЫЗ ҚАЗБА – БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысында заңсыз қазба жұмыстарының салдарынан келтірілген шығын 558,4 млн теңгеге жетті. 22 заңсыз игеру нүктесі анықталып, көптеген техника тоқтатылды. Толығырақ тілшіміз баяндайды.

БОКСТАН АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Өңірде «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» ұранымен 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан облыстық ашық турнир өтті. Турнир белгілі бапкер, спорт саласының ардагері Нұрболат  Байтелиевтің жүлдесіне арналды.Толығырақ тілшіміз тарқатсын.

ЖАҢА 35 ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

Түркістан облысында жолаушылар тасымалы жаңа деңгейге көтерілді. Бүгін өңір орталығында 35 жаңа қоғамдық көлік пайдалануға берілді. Оның ішінде экологиялық таза электробустар мен заманауи автобустар бар. Облыс әкімі жаңа техникалардың кілтін табыстап, бұл жобаның қала тұрғындары үшін маңызына тоқталды. Толығырақ келесі материалда.

РЫБНОЕ ХОЗЯЙСТВО ВО ДВОРЕ СОБСТВЕННОГО ДОМА

В 2025 году в Жамбылском районе 90 граждан получили безвозмездные государственные гранты на реализацию новых бизнес-идей. Эта поддержка позволила многим жителям открыть свое дело. Первая волна предпринимателей, запустивших проекты в прошлом году, уже получает готовую продукцию и видит реальные результаты своего труда.

СОСТОЯЛСЯ ЗАБЕГ «BIALI MARATHON 2026»

Почти 400 человек объединил масштабный забег, инициированный областным филиалом партии «AMANAT» и компанией «BIALI SPORT». Главные цели марафона — развитие массового спорта, пропаганда здорового образа жизни и повышение гражданской активности. Стоит отметить, что в рамках проекта «Будущее без барьеров» в соревнованиях приняли участие и люди с особыми потребностями. Забеги проходили на дистанциях 5 и 10 километров в разных возрастных категориях.

ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛДЫ

Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өңірлік департаменті бірлескен жедел-іздестіру шаралары барысында Тараз қаласындағы екі бірдей мекенжайды тінтіп, заңсыз есірткі өсіру деректерінің жолын кесті.

ЖЕТІСАЙ ӘКІМІ 70 ЖУЫҚ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТКЕН ОҚУШЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Жыл бойы жеткен жетістіктер қорытындыланып, жаңа белестерге бастайтын маңызды сәтке Жетісай қаласындағы Smart English School мектебінде «Жылдың жылы кеші» шарасы арналды. Балалар мерекелік шараға қатысып, үздік көрсеткіш көрсеткендері үшін сыйлықтар мен марапаттарға ие болды.

ТҮРКІСТАНДА ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ҚОЙЫЛЫМ КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан қаласында Райымбет Сейтметов атындағы театрда жастарды құқықтық сауаттылыққа үйретуге арналған драмалық қойылым көрсетілді. Шараға қатысқан студенттер есірткі қолданудың салдарын және оның адам өміріне әкелетін қауіптерін көрнекі түрде көріп, маңызды сабақ алды.