Сенбі күні еліміз бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясы аясында ірі сенбілік ұйымдастырылды. Табиғатқа жанашырлық танытуды мұрат еткен игі бастама бүгінде нағыз жалпыхалықтық қозғалысқа айналды.

