22 Апр 2025, Вт

Шетелдік БАҚ

Грекия шекарасы енді жасанды зерде арқылы бақыланады | Шетелдік БАҚ

— Әлем экономиканы басқарудың ескі үлгісінен бас тартуы тиіс. Италиялық белгілі экономист Марианна Мацукато Projeet Syndicate басылымындағы мақаласында осылай жазды.

— Euronews телеарнасындағы Futuris хабары Грузиядағы экотуризмнің қарқын алғаны туралы баяндады.

— Грекия шекарасы енді жасанды зерде арқылы бақыланады. Frankfurter Allgemeine Zeitung басылымының жазуынша, ел аумағына кірген саяхатшыларды коронавирусқа қарсы тексеру жүргізілмейді.

— Австралия зерттеушілері сүттің құрамындағы май баланың денсаулығына әсер етпейтінін анықтады.

Итальяндықтар вакцинация төлқұжатынсыз жұмыс істей алмайды | Шетелдік БАҚ

— ХХІ ғасырда НАТО альянсы өзгеруі керек, дейді National Interest шолушысы Николас Гвоздев.

— Италияда вакцинация төлқұжатынсыз жұмыс жасай алмайды, деп хабарлайды Süddeutsche Zeitung.

— Ағаштан жасалған мектептер, көпірлер, автотұрақта, енді міне әлемдегі ең биік ағаш ғимараттардың бірі бой көтерген Шеллефтео қаласы туралы Guardian тілшісі Оливер Уэйнрайт әңгімеледі.

— «Жәндіктер мен құрт-құмырсқалар азық-түлік дүкені сөрелерінде саудаға шығарылар күн жақындады ма?» деп сауал тастады Telegraph тілшісі Иоланта Фавехинми.

Туристер Венецияға орала бастады | Шетелдік БАҚ

— Туристер Венецияға орала бастады. Италияның ең танымал қалаларының бірінде аптаның жұмыс күндерінде әзірге карантин кезіндегідей тыныштық, деп жазады The Wall Street Journal.

— Британдық мектептер мектеп асханаларында бет-жүзін тану жүйесін қолдана бастайды. Осы аптаның басында Солтүстік Эйрширдегі тоғыз мектеп оқушылардың бетін сканерлеу арқылы мектептегі тамақтану ақысын қабылдай бастады, деп хабарлайды Financial Times.

— Әлемдегі ең ірі супермаркеттер желісі 7-Eleven сатып алушылардың биометриялық мәліметтерін заңсыз жинады, деп хабарлайды Guardian.

— Ұлыбританияның Кардифф қаласында көше тазалау қызметі суретшілердің туындысын абайсызда жоқ қылды. ВВС телеарнасы коммуналдық қызмет бұрынғы дүкен ғимаратының үш бағанын түгелдей сырлап тастады деп хабарлайды.