15 Ноя 2026, Вс

УШУДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Таразда жастар мен жасөспірімдер арасында ушу спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Ел біріншілігіне еліміздің 16 өңірінен 600-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Үш күнге жоспарланған жарыста қатысушылар өзара мықтыны анықтайды. Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлесов қатысты.