15 Ноя 2026, Вс

Жамбыл жаңалықтары

УШУДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Таразда жастар мен жасөспірімдер арасында ушу спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Ел біріншілігіне еліміздің 16 өңірінен 600-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Үш күнге жоспарланған жарыста қатысушылар өзара мықтыны анықтайды. Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлесов қатысты.

ТАРАЗ ҚАНТ ЗАУЫТЫНДА ЖҰМЫС ҚАРҚЫНДЫ

Өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының қарқынды дамуы мен маңызды инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы тұрақты назарда. Мемлекет тарапынан қолдау тауып, қайта жаңғыртылған стратегиялық маңызы бар кәсіпорындардың бірі – Жібек жолы ауданында орналасқан «Тараз Қант зауыты». Аталмыш өндіріс орны қазіргі таңда диқандардың еңбегін ақтап, өңір экономикасына зор серпін беруде. Ел игілігі үшін атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар мен өнім қабылдау науқанының барысы туралы аладғы сюжетте.

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ АРТУДА

Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында жаңа қадам жасалды. Атап айтсақ, Тараз қаласында облыс бойынша алғашқы Құзыреттілік орталығы ашылды. Енді созылмалы және сирек кездесетін ауруларға шалдыққан науқастар мамандандырылған медициналық көмекті бір орталықтан ала алады.

«ЖІБЕК ЖОЛЫ» АУДАНЫНЫҢ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Тараз қаласының «Жібек жолы» ауданында атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер қорытындыланды. Аудан әкімі Қарлығаш Аралбекованың қатысуымен өткен брифингте өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері кеңінен баяндалды. Бүгінде аумағы 17 мың гектардан асатын аудан халқының саны – 243 487 адам.

ЕРІКТІЛЕР ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСУДА

Таразда еріктілер «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына өз үлестерін қосуда. Олар көшелерді қоқыстан тазартып, қаланы көгалдандыруға қатысады. Бұл — еріктілер үшін бір реттік бастама ғана емес, туған өлкемізді абаттандыруға жеке үлес қосу мүмкіндігі. Белсенді қатысушылардың қатарында Ерболат Мырзаберген де бар. Ол экологиялық шараларға тұрақты түрде қатысып, қала тұрғындарын шет қалмауға шақырады.

ӘУЛИЕАТА АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Таза көше, жинақы аула, көрікті орта. Әулиеата ауданында тазалық пен абаттандыру жұмыстары жүйелі жолға қойылған. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аудан аумағы күн сайын тазартылып, қоғамдық орындардың күтімі күшейтілген. Мұндағы оң өзгерістерді тұрғындар да байқап отыр.

ЕМХАНА ҚЫЗМЕТІНЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Медициналық қызмет сапасы – басты назарда. Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Әмірқызы ардагерлер кеңесінің төрағаларымен бірге «Zhanshuak medical group» ЖШС-нің №6 қалалық емханасына барып, мекеменің жұмысымен танысты. Сапар барысында медицина қызметкерлерінің есебі тыңдалып, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасы талқыланды.

ВОЛОНТЁРЫ ВНОСЯТ СВОЙ ВКЛАД В ЧИСТОТУ И ОЗЕЛЕНЕНИЕ ТАРАЗА

Экологическая инициатива объединяет все больше неравнодушных горожан. В Таразе волонтеры молодежного крыла на регулярной основе присоединяются к акции «Таза Қазақстан». Добровольцы очищают улицы от мусора и участвуют в озеленении города, доказывая своим примером, что чистый и ухоженный город — это общая ответственность каждого жителя.

В РАЙОНЕ АУЛИЕАТА  СИСТЕМНО ВЕДУТСЯ РАБОТЫ ПО БЛАГОУСТРОЙСТВУ

В районе Аулиеата вопросы благоустройства переведены на системную основу. В рамках республиканской акции «Таза Қазақстан» здесь ежедневно очищаются улицы и общественные пространства. Как отмечают местные жители, регулярная забота коммунальных служб и личный вклад горожан заметно преображают облик района.