Бәйдібек ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Есірткісіз болашақ» атты профилактикалық кездесу өтті. Жиынға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, прокуратура өкілдері, аудан әкімдігінің жауапты мамандары мен жастар қатысты. Басқосудың негізгі мақсаты – есірткінің зияны туралы түсіндіру, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Бәйдібек ауданында ауызсу инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ауданға жұмыс сапары барысында бірқатар су нысанын аралап, құрылыс барысымен танысты. Атап айтқанда, төрт елді мекенді қамтитын су құбыры мен тазарту қондырғысының құрылысы және «Комсомол» каналының қазіргі жағдайы қаралды. Өңір басшысы жауапты мамандарға құрылыс сапасын қатаң бақылап, су жүйелерін белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Есірткіге қарсы күрес – қоғам алдындағы ортақ міндет. Әсіресе жас ұрпақтың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау, олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау маңызды. Осы мақсатта Түркістан қаласында «Есірткісіз өмір – жарқын болашақ» тақырыбында жастармен ауқымды кездесу өтті. Жиынға қала әкімдігі мен құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ 500-ден астам мектеп оқушысы мен колледж студенті қатысты.
Бүгін Түркістан қаласында теологиялық оңалту саласының мамандарына арналған республикалық семинар-тренинг өтуде. Екі күнге жоспарланған шарада сала мамандары тәжірибе алмасып, оңалту жұмысының тиімді әдістерін талқылады. Толығырақ алдағы сюжетте!
Түркістан облысында өнеркәсіп саласын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта Бәйдібек ауданында жаңа өндіріс орны бой көтеріп жатыр. Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің ауданға жұмыс сапары Бөген ауылдық округіндегі «J&B AGRO GROUP 2025» серіктестігінің мақта өңдеу зауытының құрылысымен танысудан басталды. Құны 2 миллиард 400 миллион теңгені құрайтын жоба іске қосылғанда, аудан экономикасына серпін беріп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің Бәйдібек ауданына жұмыс сапары аясында жергілікті тұрғындармен кездесуі өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым, жол, ауызсу, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және өзге де өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Өңір басшысы көтерілген мәселелерге қатысты жауап беріп, жауапты басқармалар мен аудан басшылығына нақты тапсырмалар жүктеді.
Бәйдібек ауданында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тұрғындармен кездесті. Басқосуда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, елді мекендердегі өзекті мәселелер мен алдағы жоспарлар сөз болды. Халықпен кездесуден кейін аймақ басшысы азаматтарды жеке қабылдап, олардың талап-тілектеріне құлақ түрді. Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді тікелей жеткізіп, шешу жолдарын қарастыруды сұрады.
Қаланың көркі – тазалығында. Көшелердің көрікті, қоғамдық орындардың таза болуы тұрғындардың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Осы ретте Кентау қаласында санитарлық тазалықты сақтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Коммуналдық қызметкерлер күн сайын шаһар көшелерін тазалап, тұрмыстық қалдықтарды жинау және қоғамдық аумақтарды ретке келтіру жұмыстарымен айналысады.
Балалардың шат күлкісі мен алаңсыз ойыны – ауылдың ажарын ашады. Кентау қаласына қарасты елді мекендерде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және бұқаралық спортты дамыту бағытында жаңа нысандар бой көтеруде. Биыл Қарнақ және Құсшы ата ауылдарында балалар ойын алаңшалары мен спорт нысандары салынып, тұрғындар игілігіне берілді. Толығырақ алдағы сюжетте.
Күн суытып, қыс мезгілі жақындаған сайын елді мекендерде жылу маусымына дайындық жұмыстары күшейе түседі. Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында да тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету бағытында тиісті шаралар қолға алынған. Әсіресе әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің жылыту жүйелерінің қалыпты жұмыс жасауына ерекше көңіл бөлінуде.