15 Ноя 2026, Вс

Түркістан жаңалықтары

АУЫЛ ЖОЛДАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Хантағы ауылында жол инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Биыл елді мекендегі бірнеше көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, жолдардың сапасы жақсарды. Сонымен қатар аудандық маңызы бар автомобиль жолының асфальт төселмеген бөлігі жөнделіп жатыр.

ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ

Кентау қаласында қысқы маусымға дайындық жұмыстары қызу. Коммуналдық қызметтер қар тазалау техникасын әзірлеп, қажетті материалдар қорын жасақтауда. Алдағы уақытта қар қалың түсіп, күн суытқан жағдайда жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы техникалар мен жұмысшылар жұмылдырылады.

ПЕДАГОГТЕРДІҢ БАСЫН ҚОСҚАН КОНФЕРЕНЦИЯ

Түркістанда Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан педагогтерінің қатысуымен «Global Teaching Turkestan» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. «Ұлы дала елі» музейінде ұйымдастырылған басқосуда білім беру жүйесін жаңғырту, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану және педагогтердің кәсіби құзыреттерін дамыту мәселелері талқыланды.

БІЛІМДІ ЖАСТАР – ЕЛ ЕРТЕҢІ

Түркістанда «Білімді жастар – ел ертеңі» тақырыбында жастармен кездесу өтті. Жиынның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың білімге деген қызығушылығын арттыру, жастардың қоғамдағы белсенділігін нығайту және олардың болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру.

«БІРГЕ ОҚИЫҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ АКЦИЯСЫ

Қазақ халқының ұлы ағартушысы, педагог әрі жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына биыл 185 жыл. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде «Бірге оқиық» республикалық әдеби акциясы ұйымдастырылды. Толығырақ алдағы сюжетте.

100 ЖЫЛДЫҚ БЕЛЕС

Түркістанда Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі архив ісінің 100 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. «Ұлттық архив қоры: 100 жылдық белес: тарих пен болашақ сабақтастығы» тақырыбында ұйымдастырылған жиынға еліміздің әр өңірінен архив саласының мамандары, тарихшылар, ғалымдар мен сала өкілдері қатысты.

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістанда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен талқыланды. Жиында ел дамуының жаңа кезеңіндегі басым міндеттер мен азаматтық қоғам институттарының рөлі сөз болды.

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Түркістанда Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рақымовты еске алуға арналған еркін және әйелдер күресінен жастар арасындағы XXX халықаралық турнир басталды. Биыл 30-шы рет ұйымдастырылған дәстүрлі додаға Қазақстанның барлық өңірінен және шетелдерден мыңға жуық жас балуан жиналды. Бес күнге жалғасатын жарыста спортшылар 22 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды.

ТАЛАНТТЫ ТАНЫТҚАН САЗ МЕКТЕБІ

Өнерге құштар өрендердің талабын ұштап, шығармашылық қабілетін шыңдайтын білім ордаларының бірі – Түркістан қалалық балалар саз мектебі. Мұнда жас ұрпақ музыканың қыр-сырын меңгеріп, түрлі аспапта ойнауды үйренеді.