Түркістан облысында жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік шараларына арналған брифинг өтті. Жиында тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, пештер мен электр жылыту құрылғыларын дұрыс пайдалану және газдан улану оқиғаларының алдын алу мәселелері сөз болды.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Жетісай ауданында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында азаматтар әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, жер, инфрақұрылым және өзге де өзекті мәселелерді көтерді. Толығырақ алдағы сюжетте
Түркістанда қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында кездесу өтті. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ұйымдастырылған жиынға Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері қатысты.
Түркістан облысының Жетісай ауданында заманауи мақта өңдеу зауыты ашылды. «Бірлік-Е» серіктестігінің жаңа өндіріс орнына 2,8 миллиард теңге инвестиция тартылған. Кәсіпорын жылына 50 мың тонна мақта талшығын өндіруге қауқарлы. Жоба аясында 200 жаңа жұмыс орны құрылды.
Қоғамдық келісімді нығайту, этносаралық татулықты сақтау және ақпараттық кеңістіктегі араздықтың алдын алу. Түркістанда осы бағыттарға арналған сараптамалық кездесу өтті. Жиында тілдік және этностық белгілер бойынша кемсітушілікке жол бермеу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Түркістан облысында жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін таныстыруға арналған заманауи көрме орталығы ашылды. Сауран ауданындағы «Sauran» шағын өнеркәсіптік паркінде өткен шараға өңірдің 50-ден астам кәсіпорны қатысып, отандық өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Басты мақсат – жергілікті өндірісті қолдау, кәсіпкерлер арасындағы байланысты нығайту және «Түркістанда жасалған» брендін кеңінен таныту.
Түркістанда 18 қазан – Рухани келісім күніне орай мазмұнды кездесу өтті. «Діни татулық, тұрақтылық пен толеранттылық» тақырыбында ұйымдастырылған жиында қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністікті нығайту мәселелері талқыланды. Басқосуға дін өкілдері, ақсақалдар, жастар мен колледж студенттері қатысты.
Түркістан қаласында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайыновтың өңір ардагерлерімен кездесуі өтті. Жиында аға буын өкілдерінің қоғамдағы рөлі, әлеуметтік қолдау көрсету және ұрпақтар сабақтастығын нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалардың нәтижесі таныстырылды.
Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамыту және шағын өндірістерді қолдау бағытындағы тәжірибе өзге өңірлерге үлгі ретінде ұсынылуда. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков пен еліміздің оннан өңірінен келген делегация Түркістан облысы Сауран ауданында пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылып жатқан «Ауылды дамыту командасы» жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты.
Түркістан қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында футбол жарысы өтті. Түркістан облыстық прокуратурасының ұйымдастыруымен өткен спорттық шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және өскелең ұрпақты құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақыру. Жарысқа қатысушылар алаңда өзара бақ сынап, командалық ойын мен шеберліктерін көрсетті.