Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамыту және шағын өндірістерді қолдау бағытындағы тәжірибе өзге өңірлерге үлгі ретінде ұсынылуда. Осы мақсатта еліміздің оннан астам өңірінен келген делегация өкілдері Сауран ауданындағы «Иассы» өндірістік алаңының жұмысымен танысты. Сапар барысында қатысушылар өндірістік жобалардың жүзеге асу барысын көріп, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау тетіктерін зерделеді.
Кентау қаласында тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру және қалалық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Соның ішінде көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыруға ерекше көңіл бөлінген. Аула аумақтарын ретке келтіру, тұрғындардың демалысына қолайлы жағдай жасау және ортақ пайдаланылатын кеңістіктерді жақсарту – шаһардың көркін арттырып қана қоймай, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға да ықпал етеді.
Түркістан қаласында балаларға қосымша білім беруді дамытудың стратегиялық бағыттары талқылануда. Осы мақсатта республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды. Екі күнге жоспарланған жиынға еліміздің барлық өңірінен 221 маман қатысып, білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен озық тәжірибелерді саралауда.
Кентау қаласында қоршаған ортаны көгалдандыру және шаһардың сәулеттік келбетін жақсарту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қала аумағына ағаш көшеттері отырғызылып, жасыл желек көлемін арттыруға басымдық берілуде. Бұл бастама қаланың экологиялық ахуалын жақсартып қана қоймай, тұрғындар үшін қолайлы әрі көрікті орта қалыптастыруға бағытталған.
Түркістан қаласында Республика күні мен Қала күніне орай жасөспірімдер арасында «TURKISTAN CUP-2026» халықаралық футбол турнирінің ашылу салтанаты өтті. Дүбірлі додаға Қазақстан мен көршілес мемлекеттерден келген жас футболшылар қатысып, өзара бақ сынауда.
Кентау қаласында қоршаған ортаны көгалдандыру және шаһардың сәулеттік келбетін жақсарту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қала аумағына ағаш көшеттері отырғызылып, жасыл желек көлемін арттыруға басымдық берілуде. Бұл бастама қаланың экологиялық ахуалын жақсартып қана қоймай, тұрғындар үшін қолайлы әрі көрікті орта қалыптастыруға бағытталған.
Кентау қаласында тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру және қалалық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Соның ішінде көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыруға ерекше көңіл бөлінген. Аула аумақтарын ретке келтіру, тұрғындардың демалысына қолайлы жағдай жасау және ортақ пайдаланылатын кеңістіктерді жақсарту – шаһардың көркін арттырып қана қоймай, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға да ықпал етеді.
Кентау қаласында жол инфрақұрылымын дамыту және көлік қатынасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Қала көшелерінің сапасы – тұрғындар үшін маңызды мәселелердің бірі. Өйткені сапалы жол қатынасы халықтың күнделікті жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де ықпал етеді. Толығырақ алдағы сюжетте.
Кентау қаласында 2026–2027 жылғы жылу беру маусымы басталды. Қаладағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Кентау қаласының индустриялық аймағында металл құрылымдары мен бұйымдарын өндіретін жаңа зауыт іске қосылды. «АйдарСтройГрупп» серіктестігінің өндіріс орнына 1,5 миллиард теңге инвестиция тартылған. Жобаның жүзеге асуы нәтижесінде 30 жаңа жұмыс орны ашылды.