15 Ноя 2026, Вс

Түркістан жаңалықтары

КЕНТАУДА «ТАЗА ЖОЛ – ТАЗА ОРТА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Кентау қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында «Таза жол – таза орта» акциясы ұйымдастырылды. Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған шараға 1000-ға жуық тұрғын қатысты.

25 ҚАЗАН — РЕСПУБЛИКА

Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» атты салтанатты іс-шара өтті. Оған облыс әкімі, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, еңбек үздіктері, өңірдегі әртүрлі саланың көшбасшылары, жастар және қала тұрғындары қатысты.

ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Түркістан қаласында ұлттық спорт түрлерін дамытуға арналған жаңа нысан пайдалануға берілді. Ұлттық спорт мектебінің ашылу салтанатына қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысып, мекеменің жұмысымен танысты. Жаңа нысан ұлттық спортты дәріптеп, жас ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 588 ПӘТЕРДІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Түркістанда Республика күні мен қала күні қарсаңында 14 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтерген жеті қабатты баспаналарда 588 отбасы қоныс тойын тойламақ.  Толығырақ алдағы сюжетте.

КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРҒА ИПОТЕКАЛЫҚ БАСПАНА ҰСЫНЫЛУДА

Кентау қаласында тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасып келеді. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арналған үш қабатты ипотекалық үйлер салынып, пайдалануға берілуде. Соның бірі — Шоқан Уәлиханов көшесіндегі жаңа тұрғын үйлер. Баспаналы болуды көптен күткен азаматтарға ұсынылған бұл пәтерлер тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Ал жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар халықтың баспанаға қол жеткізуіне қолдау көрсетуді көздейді.

КЕНТАУДА ЕСКІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

Кентау қаласында бұған дейін күрделі жөндеуді қажет еткен бірқатар көпқабатты тұрғын үй жаңартылып, 2024 жылы халық игілігіне берілді. Жылдар бойы тозығы жеткен ғимараттар қайта қалыпқа келтіріліп, тұрғындарға жайлы жағдай жасалды. Бүгінде бұл үйлерде отбасылар тұрып жатыр. Жаңарған баспаналардың ішкі және сыртқы келбеті жақсарып, тұрғындардың көңілінен шыққан.

ЖАҢА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

Кентау қаласында спорт инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Қалада дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жаңа нысан тұрғындардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасап, бұқаралық спорттың дамуына серпін бермек.

«ДИУАНИ ХИКМЕТ» АЙМАҚТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Түркістанда қала күні қарсаңында «Диуани хикмет» аймақтық байқауы өтті. Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасын ұлықтаған сайысқа өңірлерден 36 үміткер қатысып, өзара бақ сынады. Байқаудың негізгі мақсаты – хикметтерді кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақтың рухани танымын арттыру.

ОҚЫРМАНҒА ОЙ САЛҒАН ТУЫНДЫ

Түркістанда жазушы Айгүл Ахметханқызының «Екі кітап. Екі әлем. Бір тағдыр» атты авторлық еңбектерінің тұсаукесері өтті. Кітаптардың бірі басқару мен көшбасшылық тақырыбын қамтыса, екіншісі адам өмірі мен тағдырын, ой мен сезімді арқау етеді. Рухани кеште оқырман қауымға автордың шығармашылық ізденісі мен еңбектерінің мазмұны таныстырылды.

ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Түркістанда Құтқарушылар күніне орай салтанатты шара өтті. Жиында төтенше жағдайлар саласының мамандарына құрмет көрсетіліп, олардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы еңбегі дәріптелді. Толығырақ алдағы сюжетте