Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған кездесу өтті. Жиында жергілікті кәсіпорындардың жұмыс тиімділігін арттыру, халықаралық сарапшылардың тәжірибесін пайдалану, бизнесті қаржыландыру және цифрландыру мәселелері сөз болды. Кездесуге Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, халықаралық ұйым мамандары, банк қызметкерлері мен кәсіпкерлер қатысты.
Кентауда көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары қайта жаңартылып жатыр. Мақсат — қала тұрғындары үшін жайлы, таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыру. Жоба аясында балалар мен ересектердің демалуына барлық жағдай жасалмақ.
Кентауда шаһар жолдарын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Басты мақсат көше инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындар мен жүргізушілерге жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.
Кентау қаласы кезекті жылыту маусымына толықтай дайын. Басты меже — шаһардағы баспаналар мен әлеуметтік нысандарға сапалы жылу жеткізу. Бұл бағытта тозығы жеткен құбырлар ауыстырылып, тораптардың техникалық жағдайы жіті тексерілуде.
Кентау қаласының Хантағы елді мекенінде тұрғындар көптен күткен көпірдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысан ауыл инфрақұрылымын жаңартып, жергілікті тұрғындардың қауіпсіз қатынауын қамтамасыз етпек. Қазіргі таңда құрылысшылар негізгі монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында «Асарлату» іс-шарасы ұйымдастырылды. Игі бастаманың мақсаты – арық-атыздар мен суару каналдарын қоқыстан тазарту, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру.
Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Ержан Байтілеспен кездесу өтті. Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, журналистер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиында дәстүрлі басылымдардың бүгінгі жағдайы, бәсекеге қабілеттілігі және алдағы даму бағыттары талқыланды.
Дизайн – талғам мен шығармашылықты ұштастыратын ерекше сала. Қазіргі таңда бұл бағытқа сұраныс артып, білікті мамандарға қажеттілік жоғарылап келеді. Түркістандағы «Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде студенттер дизайн саласының қыр-сырын меңгеріп, өз идеяларын тәжірибе жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Бала көңілін қуанышқа бөлеп, жүрегіне үміт ұялату — үлкен ізгіліктің белгісі. Түркістанда ерекше күтімді қажет ететін балалардың тілегін орындауға бағытталған «Армандар орындалады» әлеуметтік жобасы жалғасуда. Толығырақ алдағы сюжетте.
Түркістанда белгілі журналист Бейсен Құранбек атындағы дәстүрлі стипендия табысталды. Игі бастама болашақ журналистерді қолдауға, олардың кәсіби дамуына серпін беруге бағытталған. Стипендия Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің үздік студенттеріне берілді.