Түркістанда ұлттық өнер мен төл мәдениетті дәріптеуге бағытталған «Түркістаным – тұраным» атты қолөнер шеберлері мен суретшілер байқауы өтті. Қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен шараға өнер иелері қатысып, өз туындыларын көпшілік назарына ұсынды.
Қазақстанда 18 қазан – Рухани келісім күні. Бұл мереке қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға, конфессияаралық және этносаралық келісімді сақтауға бағытталған. Осыған орай Түркістан облысында діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Жиында рухани келісімнің маңызы мен қоғамдағы татулықты сақтау мәселелері талқыланды.
Түркістан облысында қоршаған ортаны қорғау және қоғамдық келісімді нығайту бағытында игі бастама қолға алынды. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында діни конфессия өкілдерінің қатысуымен ағаш отырғызу іс-шарасы өтті. Толығырақ алдағы сюжетте!
Түркістан қаласындағы «Аманбай» спорт-сауықтыру кешенінде Рухани келісім күніне орай спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Басты мақсат – түрлі конфессия өкілдері мен мемлекеттік органдар қызметкерлері арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, өзара түсіністік пен командалық рухты қалыптастыру. Толығырақ алдағы сюжетте.
Түркістан облысында дүниежүзілік мақта күніне орай «AQ-DALA – 2026» салтанатты шарасы өтті. Отырар ауданының Қарақоңыр ауылдық округінде ұйымдастырылған жиында ақ алтын өсіріп, өңір экономикасының дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарына құрмет көрсетілді.
Қазақ ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаевтың өмір жолы мен мол мұрасын насихаттау мақсатында Түркістанда танымдық шара өтті. Қаныш Сәтбаев атындағы №12 жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылған жиында ғалымның өмірі мен ғылыми қызметіне арналған көшпелі көрме көпшілік назарына ұсынылды. Басқосу аясында мәдени және ғылыми-танымдық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған екіжақты меморандумға қол қойылды.
Мамандықты меңгеріп қана қоймай, оны тәжірибе жүзінде дәлелдеу – кәсіби шеберліктің көрсеткіші. Түркістандағы «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде студенттердің тәжірибелік дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Әсіресе, аспаздық бағытта білім алып жүрген жастар түрлі байқауларда бақ сынап, өз қабілеттерін танытып келеді. Солардың бірі – Назерке Абдраш. Ол аспаздық байқауда үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды иеленді.
Цифрлық технологиялар дамыған заманда IT саласының мамандарына сұраныс артып келеді. Түркістандағы Ахмет Ясауи кәсіптік колледжінде де білім алушылардың осы бағытта кәсіби біліктілігін арттыруға басымдық берілген. Мұнда студенттер ақпараттық технологияларды меңгеріп қана қоймай, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануға машықтанады
Қазығұрт ауданында америкалық технология негізінде заманауи мал бордақылау кешені салынып жатыр. Құны 4,3 миллиард теңгені құрайтын инвестициялық жоба бір мезетте 5 мың бас ірі қараны бордақылауға мүмкіндік береді. Толығырақ алдағы сюжетте!
Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында бизнес өкілдерін алаңдатқан өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары қаралды.