Кентау қаласында қоршаған ортаны көгалдандыру және шаһардың сәулеттік келбетін жақсарту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қала аумағына ағаш көшеттері отырғызылып, жасыл желек көлемін арттыруға басымдық берілуде. Бұл бастама қаланың экологиялық ахуалын жақсартып қана қоймай, тұрғындар үшін қолайлы әрі көрікті орта қалыптастыруға бағытталған.
Ақпараттық порталы

