Кентау қаласында тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру және қалалық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Соның ішінде көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыруға ерекше көңіл бөлінген. Аула аумақтарын ретке келтіру, тұрғындардың демалысына қолайлы жағдай жасау және ортақ пайдаланылатын кеңістіктерді жақсарту – шаһардың көркін арттырып қана қоймай, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға да ықпал етеді.
Ақпараттық порталы

