19 Июн 2026, Пт

МЕДИЦИНАЛЫҚ АКАДЕМИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Жамбыл облысында алғаш рет медицина мамандарын даярлайтын жоғары оқу орны ашылмақ. Тараз қаласында Сейтхан Жошыбаев атындағы Халықаралық медицина академиясын құру жобасы қолға алынған. Бүгінде өңірде халық саны 1 миллионнан асқанымен, жеке медициналық жоғары оқу орны жоқ. Жаңа академия осы олқылықтың орнын толтырып, аймаққа қажетті дәрігерлерді даярлауға мүмкіндік береді. Жоба толықтай жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылып жатыр.