15 Ноя 2026, Вс

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесті. Басқосуда ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және алдағы жоспарлары таныстырылды. Облыс әкімі өз сөзінде биылғы жылдың алғашқы төрт айында облыс экономикасында оң өсім қалыптасқанын атап өтті. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы, инвестиция тарту, тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылым мен туризмді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.