Табиғатты қорғау – бүгінгі қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Қоршаған ортаның тазалығы мен экологиялық қауіпсіздігін сақтау бағытында өңірде жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Ауаның сапасын бақылау, су ресурстарын қорғау, жасыл желек қорын көбейту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру сынды бастамалар табиғатты аялауға бағытталған нақты қадамдардың қатарында. Осы жұмыстардың нәтижелі жүзеге асуына экология саласының мамандары елеулі үлес қосып келеді. Кәсіби мереке қарсаңында сала қызметкерлерінің еңбегі еленіп, үздіктер марапатталды.
Ақпараттық порталы

