Адалдық пен әділдік ұғымы бала санасына ерте сіңгенде ғана оның мәні тереңдей түседі. Осы мақсатта Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мемлекеттік қызметшілердің отбасы мүшелері, студенттер мен мектеп оқушыларына арналған танымдық іс-шара өтті.Толығырақ алдағы бейнесюжетте.
Түркістанда білім мен руханияттың жаңа ордасы ашылды. Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы заманауи ғимаратқа қоныстанып, жас оқырмандарға кең мүмкіндік ұсынып отыр. Бұл – тек жаңа нысан емес, ұрпақ санасын тәрбиелейтін рухани кеңістіктің жаңа кезеңі.
Кентау қаласында өткен Өңірлік кеңесте Кентау мен Сауран аудандарының кәсіпкерлері өзекті мәселелерін тікелей жеткізді.Газ, су, электр және жол инфрақұрылымына қатысты түйткілдер жиынның негізгі өзегіне айналды.Барлық ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, тиісті мемлекеттік органдарға жолданды.
Түркістанда агросаланы цифрландыруға бағытталған тың жоба іске қосылды. Өңірде алғаш рет агродрон құрастыратын зауыт жұмысын бастап, ауыл шаруашылығына заманауи технология енгізудің жаңа кезеңін ашты. Енді егістік алқаптарын өңдеу жылдам әрі тиімді жүргізілмек. Толығырақ алдағы сюжетте.
В области поэтапно реализуются проекты в сфере цифровизации и искусственного интеллекта. В соответствии с поручением Главы государства в регионе ведется системная работа по внедрению инновационных технологий, повышению качества цифровых услуг и широкому использованию возможностей искусственного интеллекта.
В регионе усиливается контроль за эффективным и целевым использованием бюджетных средств. Об этом на брифинге, прошедшем на информационной площадке Службы региональных коммуникаций, сообщил руководитель Департамента внутреннего государственного аудита по Кызылординской области Ербол Кузембаев.
В регионе на системной основе ведется работа по обеспечению многоквартирных жилых домов централизованным горячим водоснабжением. В текущем году на эти цели из Специального государственного фонда выделено 10 миллиардов 200 миллионов тенге. В рамках проекта планируется подключить к системе горячего водоснабжения 176 многоэтажных домов. На сегодняшний день строительно-монтажные и пусконаладочные работы на объектах близки к завершению
Аймақта балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Осы мақсатта қаладағы мәдениет үйлері мен спорт нысандарында түрлі шығармашылық және спорттық үйірмелер жұмыс жасап келеді. Тілшіміз балалардың жетістіктерімен танысып қайтты.
В регионе ведется системная работа по организации полезного досуга детей и подростков. С этой целью в городских домах культуры и на спортивных объектах активно работают творческие кружки и спортивные секции. О достижениях юных кызылординцев — в материале.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қызылорда қаласындағы мәдениет және демалыс паркінде кең көлемді мерекелік шара өтті. Балғындарға арналған думанды кеште өнер көрсетіліп, спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар жыл бойы түрлі салада үздік нәтиже көрсеткен оқушылар марапатталды.