8 Июн 2026, Пн

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Аймақтың білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытында Жамбыл облысында ауқымды жұмыстар атқарылып, соның ішінде облыс орталығы Тараз қаласында мекемелер желісі 323-ке жетті. Өңірдегі үш ауысымды мектептер мен оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында «Келешек мектептері» мен жаңа жапсарлас ғимараттар пайдалануға беріліп, өзекті мәселелер оңтайлы шешімін тапты. Бұл даму серпіні алдағы жылдарға арналған стратегиялық жоспармен ұштасып, облыс көлемінде жаңа Оқушылар сарайы мен мыңдаған орындық заманауи мектептердің құрылысына және 21 білім ошағын күрделі жөндеуден өткізуге негіз болмақ.