Кентау қаласында ерекше жандарға арналған арнайы кітапхана бар. Мұнда зағип жандар үшін Брайль әліпбиімен терілген кітаптар мен түрлі жанрдағы аудиотолықтамалар ұсынылған. Кітапхана мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, мәдени дамуына жағдай жасап келеді. Сонымен қатар, келушілерге қолайлы орта қалыптастыру мақсатында арнайы техникалық жабдықтар орнатылған.
