Кентау қаласында ерекше жандарға арналған “Көзқарас” атты қоғамдық қор жұмысын жасап келеді. Қор өкілдері көру қабілеті бұзылған азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетіп, қажетті құралдармен қамтамасыз етуде. Қор мүшесі Райхан Амангелдиева да көрсетілген қамқорлыққа ризашылығын білдіріп отыр. Оның айтуынша, қалада зағип жандарға жасалған мүмкіндік бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен.
