Кентау қаласында ерекше жандардың өмірін жеңілдетуге бағытталған “Көзқарас” қоғамдық қоры жұмыс істеп келеді. Қор мүшелері Гүлшат Қасипова мен Жаңалық Шораева зағип жандардың қазіргі жағдайы мен атқарылып жатқан істер туралы баяндады. Ұйым қоғамдағы әлсіз топтың өзін еркін сезінуіне мүмкіндік жасап, қолдау шараларын жүйелі жүргізуде. Қор қызметі әсіресе әлеуметтік бейімдеу мен рухани қолдауға басымдық береді.
Кентау қаласында ерекше жандардың рухани әлемін байытатын бірегей орта бар. Бұл — жергілікті зағип жандарға арналған кітапхана, онда Брайль жазуымен және аудиокітаптармен сусындаған оқырмандар бас қосады. Әдебиетке құштар азаматтар мұнда күн сайын келіп, өздеріне жақын дүниені тауып, жан тыныштығын табады. Солардың қатарында шетел әдебиетін сүйетін Шахрух Халватов, аудиокітап тыңдауға әуес Нұрлан Болғаныс және кітапханаға жаңадан қосылған Бейсенкүл Кенесбаева бар.
Кентау қаласында ерекше тағдыр иесі — Нышанкүл Кенжебекова есімді әже тұрады. Ол өмір жолын хатқа түсіріп, өз бастан кешкенін кітап етіп жазған. Сонымен қатар, халыққа арналған бірнеше ән жинағын жарыққа шығарған. Нышанкүл әженің еңбегі талай жанға үлгі болып отыр.
Кентау қаласында тағылымға толы тағдырымен жұртқа өнеге болған ерекше жан бар. Ол — арнайы зағип жандарға арналған кітапхананың тұрақты оқырманы Тұрғанкүл Жүргенбаева. Көз жанарынан айырылса да, өмірге деген құштарлығын жоғалтпаған әже дауысын да өнерге арнап, жүрекке жылы тиер әндер айтады. Оның қайсар мінезі мен өнерге деген адалдығы көпке үлгі болып келеді.
Кентау қаласында зағип жандар арасында шахмат ойыны кеңінен дәріптеліп келеді. Ерекше жандарға арналған бұл спорт түрі арнайы Брайль үлгісіндегі тақтада ойналып, ойыншылар пішіндерді қолымен сезу арқылы жүріс жасайды. Қалада шахматқа қызығушылық танытқандардың қатары жылдан жылға көбейіп отыр. Осы бағытта жергілікті команданың капитаны Нұрлан Мелдібаев пен ойыншы Асан Мамаджанов ерекше белсенділік танытып жүр.
Кентау қаласында ерекше жандарға арналған арнайы кітапхана бар. Мұнда зағип жандар үшін Брайль әліпбиімен терілген кітаптар мен түрлі жанрдағы аудиотолықтамалар ұсынылған. Кітапхана мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, мәдени дамуына жағдай жасап келеді. Сонымен қатар, келушілерге қолайлы орта қалыптастыру мақсатында арнайы техникалық жабдықтар орнатылған.
Кентау қаласында талантымен жұртты тәнті еткен ерекше жан бар. Ол — 66 жастағы Қайназар Айдарбеков, тағдырдың сынағына мойымаған зағип азамат. Өмірдің ауыртпалығына бой алдырмай, баянда өнерін серік еткен ол елге үлгі боларлық парасат иесі. Оның күйі мен жыры талай жүрекке үміт шуағын себеді.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Жетісайауданына шұғыл барып, өрттен қайтыс болған отбасының жақындарына көңілбілдірді. Ол оқиға орнын қарап, құзырлы орган басшылары мен жауапты тұлғаларғақажетті тапсырмалар берді. Сондай-ақ, аудандық ауруханаға барып, өрттен аманқалған тұрғындардың жай-күйімен танысты Облыс басшысыПрезиденттің тапсырмасымен үкіметтік комиссия құрылып, зардап шеккендергебарлық қажетті көмек көрсетілетінін айтты.
Түркістандаоблыстық прокуратураның бастамасымен Ахмет Ясауи университетінің алты жүзстудентін қамтыған “Заң мен Тәртіп” атты кездесу өтті. Жиында жастарға құқықтықмәдениетті арттыру мен құқықбұзушылықтың алдын алу туралы кеңінен түсіндіружұмыстары жүргізілді.
Түркістанда әйелдер қауымдастығы мен «Respublica» партиясының облыстық филиалы бірлесіперекше форум өткізді. Іс-шараның тақырыбы – «Ұлы дала рухы және жасандыинтеллект: Іскер әйелдердің жаңа дәуірі». Форум әйелдердің бірлігін, кәсібидамуға деген талпынысын айқын көрсетті. Келушілерге жаңа бастамалар менмүмкіндіктер таныстырылып, белсенді қатысушылар марапатталды.