Кентау қаласында ерекше жандардың рухани әлемін байытатын бірегей орта бар. Бұл — жергілікті зағип жандарға арналған кітапхана, онда Брайль жазуымен және аудиокітаптармен сусындаған оқырмандар бас қосады. Әдебиетке құштар азаматтар мұнда күн сайын келіп, өздеріне жақын дүниені тауып, жан тыныштығын табады. Солардың қатарында шетел әдебиетін сүйетін Шахрух Халватов, аудиокітап тыңдауға әуес Нұрлан Болғаныс және кітапханаға жаңадан қосылған Бейсенкүл Кенесбаева бар.
