20 Апр 2026, Пн

КЕНТАУДАҒЫ “КӨЗҚАРАС” ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

Кентау қаласында ерекше жандардың өмірін жеңілдетуге бағытталған “Көзқарас” қоғамдық қоры жұмыс істеп келеді. Қор мүшелері Гүлшат Қасипова мен Жаңалық Шораева зағип жандардың қазіргі жағдайы мен атқарылып жатқан істер туралы баяндады. Ұйым қоғамдағы әлсіз топтың өзін еркін сезінуіне мүмкіндік жасап, қолдау шараларын жүйелі жүргізуде. Қор қызметі әсіресе әлеуметтік бейімдеу мен рухани қолдауға басымдық береді.