20 Апр 2026, Пн

КЕНТАУЛЫҚ ЗАҒИП ӘЖЕНІҢ ЕРЕКШЕ ДАУЫСЫ

Кентау қаласында тағылымға толы тағдырымен жұртқа өнеге болған ерекше жан бар. Ол — арнайы зағип жандарға арналған кітапхананың тұрақты оқырманы Тұрғанкүл Жүргенбаева. Көз жанарынан айырылса да, өмірге деген құштарлығын жоғалтпаған әже дауысын да өнерге арнап, жүрекке жылы тиер әндер айтады. Оның қайсар мінезі мен өнерге деген адалдығы көпке үлгі болып келеді.