15 Ноя 2026, Вс

Түркістан жаңалықтары

КҮШ АТАСЫ – ҚАЖЫМҰҚАН

Қазақтың атын әлемге танытқан алып күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына биыл 155 жыл. Дүниенің әр түкпірінде боз кілемде белдесіп, ел намысын қорғаған даңқты балуанның өнегелі өмірі Түркістанда ұлықталды. Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында өткен танымдық шараға жас оқырмандар, спортшылар мен сала мамандары қатысты

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Түркістан облысындағы білім беру ұйымдарының 2026–2027 оқу жылына дайындығы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің назарында. Жаңа оқу жылы қарсаңында өңірдегі 1 811 нысан толық мониторингпен қамтылды. Нәтижесінде 1 807 нысанда түрлі санитариялық талаптардың сақталуына қатысты кемшілік анықталған.

ЖАС ҰРПАҚТЫ СПОРТҚА БАУЛУ

Оқушылар сарайында балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне арналған спорттық үйірмелер жұмыс істейді. Соның бірі – таэквондо секциясы. Бұл спорт түрі жасөспірімдердің денесін шынықтырып қана қоймай, ептілікке, төзімділікке және тәртіпке баулиды. Біз секцияның бір күндік жаттығу барысына қатысып, жас спортшылардың дайындығын көрдік.

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ — КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗІ

Кәсіпкер үшін бизнесті бастау ғана емес, оны заң аясында қорғау да маңызды. Осы мақсатта Түркістан қаласында жергілікті бизнес өкілдеріне арналған оқыту семинары өтті. Кездесуде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, тауар белгілерін тіркеу және кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен түсіндірілді.

ТҮРКІСТАНДА ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Биылғы жиын «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбына арналды. Жиынға қала әкімі, облыстық білім басқармасының өкілдері, мектеп директорлары мен ұстаздар, құқық қорғау органдарының өкілдері және сала мамандары қатысты.

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАРҚЫНДЫ

Түркістан облысында жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Биыл өңірдегі 1 106 мектепте 554 мыңнан астам оқушы білім алады. Ал бірінші сыныпқа 50 273 бала қабылданады. Жаңа оқу жылында білім беру нысандарын жаңғыртуға, материалдық-техникалық базаны күшейтуге және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық берілді.

ӨҢІРДІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ МАЛАЙЗИЯДА ТАНЫСТЫРЫЛМАҚ

https://youtu.be/1Q6TuSt5EJI

Түркістан облысының туристік және инвестициялық әлеуетін халықаралық деңгейде ілгерілету бағытында жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек «Tourism Malaysia» ұйымының төрағасы Датук Манохаран бастаған малайзиялық делегациямен кездесті. Кездесуде тараптар Түркістан өңірінің туристік мүмкіндіктерін Малайзия нарығында кеңінен таныстыру, шетелдік туристер ағынын арттыру, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қою мәселелерін талқылады. Қанат Қайыпбек Түркістан облысының туристік және инвестициялық әлеуетіне тоқталып, өңірдің табиғи көрікті жерлері халықаралық туристер үшін тартымды бағыттардың бірі екенін жеткізді.

ТУРИЗМ САЛАСЫ ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ ҚАДАМ БАСТЫ

Түркістан облысында туризм саласын дамыту жұмыстары жаңа бағытқа бет бұрды. Енді өңірдің туристік әлеуетін тек тарихи және зиярат орындарымен шектемей, табиғи, экологиялық, ауылдық және гастрономиялық бағыттармен ұштастыру көзделіп отыр. Бұл туралы брифингте сала мамандары мәлімдеді.