15 Ноя 2026, Вс

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАРҚЫНДЫ

Түркістан облысында жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Биыл өңірдегі 1 106 мектепте 554 мыңнан астам оқушы білім алады. Ал бірінші сыныпқа 50 273 бала қабылданады. Жаңа оқу жылында білім беру нысандарын жаңғыртуға, материалдық-техникалық базаны күшейтуге және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық берілді.