Түркістан облысының Сайрам ауданында аустралиялық технология бойынша мал сату биржасының құрылысы басталды. «RED GOLD» ЖШС жүзеге асырып жатқан жобаның жалпы құны – 5,2 млрд теңге. Нысанның құрылысына арналған капсула салу рәсіміне облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысты.
Түркістан облысында дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Биылғы жиын «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбына арналды.
Түркістанда «Спорт күніне» орай мерекелік іс-шара өтті. Жиында спорт саласының ардагерлері, жаттықтырушылар мен спортшыларға құрмет көрсетіліп, олардың ел спортына қосқан үлесі атап өтілді.
Бәйдібек ауданындағы білім саласына жаңа нысан қосылды. Шаян ауылында биылғы қаңтарда ашылған №1 «Келешек» жалпы білім беретін мектебі — аудандағы жалғыз «Жайлы мектеп». Мұнда оқушының сапалы білім алуына ғана емес, жан-жақты дамуына да қолайлы жағдай жасалған.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мемлекет басшысының атынан қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға «Қазақстан Республикасы Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медалін табыстады.
Түркістан облысында туризмді дамыту бағыты кеңейіп келеді. Енді тарихи орындармен қатар, ауылдардың табиғаты, мәдениеті мен ұлттық дәстүрі де туристік өнімге айналмақ. Басты мақсат – саяхатшылардың өңірде бір күн аялдап қана қоймай, бірнеше күн демалуына мүмкіндік жасау.
Түркістандағы Оқушылар сарайында балалардың ой-өрісін дамытуға бағытталған «Данышпан» үйірмесі жұмыс істейді. Мұнда балалар ойын арқылы білім алып, логикалық ойлау мен тапқырлық қабілеттерін жетілдіреді.
Түркістанда облыстық Тамыз кеңесі аясында кітапхана ісіне арналған секциялық отырыс өтті. «Кітапхана – зерделі әрі зияткер ұрпақ тәрбиесінің ордасы: ұлттық және конституциялық құндылықтар сабақтастығы» тақырыбындағы жиында оқушының кітап оқу дағдысын жетілдіру, оқырман мәдениетін дамыту және мектеп кітапханаларының заманауи мүмкіндіктері сөз болды.
Сайрам ауданында ғасырдан астам тарихы бар «Манкент» теміржол вокзалы жаңғыртылып, қайта пайдалануға берілді. Нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздегі 124 теміржол вокзалын жаңғырту бағдарламасы аясында заманауи талаптарға сай қайта жабдықталған. Жаңа вокзал жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін бермек.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесіп, елді мекендердегі өзекті мәселелерді тыңдады. Ашық диалог барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым, білім, денсаулық сақтау және ауыз сумен қамту мәселелері сөз болды. Өңір басшысы алдағы жоспарларға тоқталып, тұрғындардың ұсыныстары бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.