15 Ноя 2026, Вс

АУЫЛ ТУРИЗМІНЕ ЖАҢА СЕРПІН БЕРІЛУДЕ

Түркістан облысында туризмді дамыту бағыты кеңейіп келеді. Енді тарихи орындармен қатар, ауылдардың табиғаты, мәдениеті мен ұлттық дәстүрі де туристік өнімге айналмақ. Басты мақсат – саяхатшылардың өңірде бір күн аялдап қана қоймай, бірнеше күн демалуына мүмкіндік жасау.