Түркістанда инвесторлармен ашық кездесу өтті. Жиында инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді жою мәселелері талқыланды. Кездесуде өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған жұмыстар мен нақты нәтижелер сараланды.
Түркістанда Халықаралық жастар күніне орай «Түркістан жастары: бір толқында» атты мерекелік шара өтті. Жастардың басын қосқан кеште өнер мен спорт, шығармашылық пен белсенділік тоғысты. Қала жастарының жетістігі сараланып, жаңа бастамаларға серпін берілді.
Бәйдібек ауданындағы тарихи-мәдени мұра нысандарының бірі – Аппақ ишан сәулет кешені. Ғасырлар қойнауынан сыр шертетін бұл мекенде қазақтың дәстүрлі қолөнеріне қатысты құнды жәдігерлер де сақталған. Солардың қатарында сан түрлі ою-өрнекпен көмкерілген көне кілемдер бар.
Түркістанда Спорт күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиында спорт саласында жетістікке жетіп, өңірдің абыройын асқақтатып жүрген үздіктерге құрмет көрсетілді. Салтанатты жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, спортшылар мен сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Баланың балабақшадағы бір күні қарапайым көрінгенімен, әр сәттің өзіндік тәрбиелік мәні бар. Таңғы қабылдаудан басталған күн сабақпен, ойынмен, шығармашылықпен және түрлі танымдық жұмыстармен жалғасады. Бүлдіршіндер үшін бұл – жаңа нәрсені танып, өз қабілетін байқап, ортаға бейімделетін маңызды кезең.
Түркістан облысының аумағында заңсыз көші-қонның жолын кесу және табиғи байлықтарды заңсыз пайдалануға қарсы бағытталған ауқымды жедел-профилактикалық шаралар жүріп жатыр. Өңірлік Полиция департаментінің қызметкерлері шетелдік жұмыс күшін тарту саласындағы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, еңбек мигранттарының елде болу тәртібін тексеру және жер қойнауын өз бетінше иемдену фактілерінің алдын алу мақсатында жүйелі түрде рейдтер ұйымдастыруда. Тәртіп сақшыларының кезекті тексеруі барысында көші-қон заңнамасын дөрекі түрде бұзған кезекті заңбұзушылықтың беті ашылып, заңсыз еңбек қызметінің жолы кесілді.
Кентау қаласына қарасты Қарнақ елді мекенінде жаңа «Достық үйі» ел игілігіне берілді. Заманауи нысан ауыл тұрғындарының басын қосып, мәдениет пен өнерді дамытуға мүмкіндік бермек. Ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жаңа орталықтың маңызын атап өтті.
Түркістан облысында құрылыс саласындағы заң талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді. Биыл жеті айда 266 нысан тексеріліп, 416 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталған. Нәтижесінде кәсіпкерлерге 266 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Оның 173 миллион 729 мың теңгесі бюджетке өндірілді. Заңсыз салынған нысандарды анықтау, бұзу және рұқсатсыз құрылысқа жол бермеу бағытындағы жұмыс жыл соңына дейін жалғасады.
Түркістанда Құрылысшылар күніне орай сала мамандарына арналған салтанатты іс-шара өтті. Кәсіби мерекеде құрылыс саласының дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегі еленіп, бірқатар маман марапатталды.
Мемлекет басшысы республика көлемінде 2 млрд ағаш отырғызу міндетін қойған болатын. Осыған байланысты Түркістан облысының орман қоры аумағында 2021-2027 жылдары 110 мың гектар жерге 170 млн дана көшет егу жөніндегі арнайы кешенді жоспар бекітілді. Жоспарға сәйкес, 2021-2025 жылдары 96 мың гектар жерге 146 млн дана көшет егілді. Нәтижесінде белгіленген жоспар 116 пайызға артығымен орындалды. Ал 2026-2027 жылдары қалған 14 мың гектар жерге 24 млн дана көшет егу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында баяндалды.