15 Ноя 2026, Вс

АППАҚ ИШАН КЕШЕНІНДЕГІ КӨНЕ КІЛЕМДЕР ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Бәйдібек ауданындағы тарихи-мәдени мұра нысандарының бірі – Аппақ ишан сәулет кешені. Ғасырлар қойнауынан сыр шертетін бұл мекенде қазақтың дәстүрлі қолөнеріне қатысты құнды жәдігерлер де сақталған. Солардың қатарында сан түрлі ою-өрнекпен көмкерілген көне кілемдер бар.