15 Ноя 2026, Вс

Түркістан жаңалықтары

ТАНЫМДЫҚ КЕШТЕ ҰЛЫ АҚЫН МҰРАСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында танымдық кеш ұйымдастырылды. Рухани шара барысында ұлы ақынның өмір жолынан көріністер қойылып, әндері орындалды.Сондай-ақ кеш қонақтары Абай шығармашылығына арналған көрмені тамашалады.

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРА

Түркістан қаласында құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған түнгі рейд ұйымдастырылды. Іс-шараға қалалық «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері мен полиция мамандары қатысты. Негізгі мақсат – жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылау.

АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ ЕСКЕРТКІШКЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күні. Осыған орай Түркістан қаласында Абай күніне арналған салтанатты шара өтті. Жаңа қаладағы ақын ескерткіші орналасқан аллеяға жиналған жұртшылық Абай рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық мәслихат өкілдері, ардагерлер, зиялы қауым, жастар мен қала тұрғындары қатысты.

ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ РЕТКЕ КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан облысында тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін ретке келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өңір аумағында қазір 151 полигон белгіленген. Алайда олардың басым бөлігі санитарлық және экологиялық талаптарға толық сәйкес келмейді. Осыған байланысты полигондарды оңтайландыру, жаңаларын салу және қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

АБАЙ – ҰЛТ РУХЫНЫҢ БИІК ШЫҢЫ

10 тамыз – Абай күніне орай Түркістанда ұлы ақынның шығармашылығына арналған мәдени шара өтті. Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен кеште Абайдың әдеби мұрасы, тағылымды ойлары мен әндері кеңінен дәріптелді. Мәдени бағдарлама көрерменге ақынның рухани әлемін өнер арқылы танытуға бағытталды.

ЖЫЛЫНА 200 МЫҢ ТУРИСТ ҚАБЫЛДАУҒА ҚАУҚАРЛЫ АКВАПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

Түркістан қаласындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында әлемдік стандарттарға сай «Turan» аквапарк және ойын-сауық кешенінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құрылыс алаңына барып, жобаны іске асыру барысын бақылады. Облыс басшысы құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзіміне ерекше назар аударып, инвестор мен жауапты басқармаларға жобаны белгіленген кестеге сәйкес аяқтауды тапсырды.

ОБЛЫС ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҰРҒЫННЫҢ ӨТІНІШІН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, халықтың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелерін тыңдады. Кездесуден кейін әлеуметтік желіде тұрғындардың бірі облыс әкіміне өз өтінішін жеткізе алмай қалғаны жөнінде бейнежазба жариялаған.

ЖҮРЕК САУЛЫҒЫ — БАСТЫ НАЗАРДА

Жүрек – адам ағзасындағы ең маңызды мүшелердің бірі. Оның жұмысы бұзылса, адамның күнделікті өміріне де айтарлықтай әсері бар. Жүрек-қан тамырлары аурулары дер кезінде анықталып, дұрыс ем қабылдауды қажет етеді. Түркістан қалалық орталық ауруханасының кардиология бөлімінде осындай дертке шалдыққан науқастар ем алып, дәрігерлер олардың жағдайын тәулік бойы бақылауда ұстайды. Бүгін біз осы бөлімнің тыныс-тіршілігіне үңіліп, жүрек ауруларымен күрестің қалай жүргізілетініне назар аудардық.

ӘЛЕУМЕТТІК ӨНІМДЕР ТИІМДІ БАҒАДА САТЫЛДЫ

Түркістанда тұрғындарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берген жәрмеңке өтті. Сауда сөрелеріне күнделікті тұтынатын қажетті тауарлар шығарылып, өнімдер нарықтағы бағадан 20-30 пайызға төмен бағада ұсынылды.

ШАРУАЛАРҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

Бүгін Түркістан қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің басын қосқан жиын өтті. Кездесуде мал шаруашылығын дамытуға арналған мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды. Әсіресе асыл тұқымды мал сатып алуға мүмкіндік беретін жеңілдетілген несие бағдарламаларының тиімділігі түсіндірілді.