15 Ноя 2026, Вс

Түркістан жаңалықтары

АДАМ ТАҒДЫРЫ МЕН ДӘРІГЕР ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ТОҒЫСҚАН МЕКЕН

Аурухана – адам тағдыры мен дәрігер жауапкершілігі тоғысатын орын. Мұнда әр күннің өз қарбаласы бар. Бірі ем алуға келсе, енді бірі науқастың денсаулығы үшін бар күшін жұмсайды.Аурухананың күнделікті тіршілігі де сырт көзге байқала бермейтін тынымсыз еңбектен тұрады. Біз бүгін медициналық мекеменің тыныс-тіршілігіне үңіліп, бір күннің қалай өтетініне назар аудардық.

ЖАҢА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРУ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік құрылыс компаниясының директоры Сюй Миньмен кездесті. Кездесу барысында тараптар өңірде жаңа индустриалды аймақ құру жұмыстарын жеделдету бағытындағы бірлескен жобаларды талқылады.

ТҮРКІСТАНДА ЖАЗҒЫ АШЫҚ АЛАҢ ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

Түркістанда жастар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дәріптеуге бағытталған «Жазғы ашық алаң ойындарының» кезекті кезеңі ұйымдастырылды. Спорттық сайысқа көптеген жасөспірім қатысып, түрлі бағытта өзара бақ сынады.

СУ ҚАУІПСІЗДІГІ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Өңірде күн жылынғалы бері су айдындарында 43 жазатайым оқиға тіркелді. Оның 26-сы – балалар. Қайғылы жағдайлардың басым бөлігі балалардың үлкендердің қарауынсыз шомылуға тыйым салынған орындарға баруынан болған. Өңірдегі су қауіпсіздігі мен алдын алу шаралары туралы келесі сюжетте.

ӨҢІРДЕ 70 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Түркістан облысында инвестициялық жобаларды іске асыру қарқын алды. Биыл өңірде жалпы құны 793,9 миллиард теңгені құрайтын 70 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Нәтижесінде 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бұл мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды.

АБАЙ ӘЛЕМІ – ОЙДАН ӨНЕГЕГЕ

Ұлы ойшылдың мұрасы – ұлттың рухани темірқазығы. Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Абай Құнанбайұлының шығармашылығын кеңінен насихаттауға арналған «Абай әлемі: Ойдан – өнегеге» әдеби-танымдық апталық басталды. Салтанатты шарада ақынның өлеңдері оқылып, әндері орындалып, абайтануға арналған құнды еңбектер көпшілік назарына ұсынылды.

ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ – ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

Денсаулықты сақтаудың ең қарапайым жолы – күнделікті тамақтануға мән беру. Бірақ қарбалас тіршілікте уақытылы тамақтану мен пайдалы өнімді таңдау оңай емес. Себебі, фастфуд, тәтті тағамдар мен дайын асқа әуестік әлі де азаймай тұр. Ал тұрғындар өз денсаулығына қаншалықты жауапкершілікпен қарайды? Сюжетке зер салыңыз!

СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ

Суицид — қоғамда ашық талқылауды қажет ететін күрделі әлеуметтік мәселе. Оның себептері әртүрлі болуы мүмкін. Психологиялық қиындыққа тап болған адамға дер кезінде қолдау көрсету, оны түсінуге тырысу және қажет жағдайда маман көмегіне жүгіну — алдын алудың маңызды жолдарының бірі.

ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫ МЕН ҚОҒАМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК

Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті кеңейтілген Төралқа мәжілісі өтті. Жиында ардагерлер ұйымдарының алдағы жұмысы, жастармен байланыс және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар бастауыш ардагерлер ұйымдарының рөлін арттыруға басымдық берілді.