15 Ноя 2026, Вс

ӨҢІРДЕ 70 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Түркістан облысында инвестициялық жобаларды іске асыру қарқын алды. Биыл өңірде жалпы құны 793,9 миллиард теңгені құрайтын 70 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Нәтижесінде 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бұл мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды.