ЖАСТАРҒА АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА КИНО КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан қаласында жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған «Ашық аспан астында» кино көрсетілімі өтті. Шараны қалалық Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды. Кеш барысында жастарға қазақтың даңқты боксшысы Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорттағы жолы туралы фильм көрсетілді.
