Түркістан жаңалықтары
ЖАС ТАЛАНТТАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АЛАҢЫ
Түркістан қаласында балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған сурет үйірмелері тұрақты жұмыс істеп келеді. Мұнда жас суретшілер қылқаламмен жұмыс істеуді меңгеріп, өз қиялын қағаз бетіне түсіруде. Толығырақ тілшіміз жалғастырады.
КӘСІПКЕР ӘЙЕЛДЕРГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК
Түркістанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мен мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. «Әйелдер кәсіпкерлігі. Білім беру – бірлескен шешімдер» тақырыбындағы өңірлік кездесуде мемлекеттік қолдау тетіктері, балабақшаларды лицензиялау және бизнесті дамыту бағытындағы бастамалар сөз болды.
КӨШЕЛЕРГЕ СУ СЕБУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Түркістанда күннің аптап ыстығына байланысты қала көшелерінде аэрация жұмыстары жүргізілуде. Бұл шара ауа температурасын төмендетіп, шаң-тозаңды азайтуға және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Толығырақ тілші материалында.
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА ШОЛУ
Азық-түлік бағасы – халықты толғандыратын негізгі мәселелердің бірі. Бағаның өзгерісі әр отбасының күнделікті шығынына әсер етеді. Бүгінде тұрғындар ең қажетті тауарлардың бағасын бақылап, тиімді сауда жасауға тырысады.
