15 Ноя 2026, Вс

Түркістан жаңалықтары

ТҮРКІСТАН КӨШЕЛЕРІНЕ ЖАҢА АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ

Түркістан қаласында жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда бірнеше көшеде асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Негізгі мақсат – жол сапасын жақсартып, тұрғындар мен жүргізушілер үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру. Толығырақ тілші материалында.

ЕРІКТІ ДОНОР — БІР ӨМІРГЕ ҮМІТ

Қан – қолдан жасалмайтын, тек адамнан адамға берілетін ерекше биологиялық өнім. Сондықтан ерікті донорлардың көмегі мыңдаған науқас үшін маңызды. Бүгінде облыстық қан орталығына өз еркімен келіп, қан тапсыратын азаматтардың қатары артып келеді. Толығырақ тілші материалында.

СУ ҚАУІПСІЗДІГІ: БАЛА ӨМІРІ ОЙЫНШЫҚ ЕМЕС

Жаз мезгілінде балалардың суға кету қаупі арта түседі. Осыған байланысты Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, су айдындарында сақтық шараларын қатаң сақтауға шақыруда.

ЖАСТАРДЫ БІРІКТІРГЕН ЭКСКУРСИЯ

Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру – бүгінгі қоғамның маңызды міндеттерінің бірі. Танымдық әрі мазмұнды демалыс жас буынның туған өлкеге деген қызығушылығын арттырып, тарихи-мәдени мұраға деген құрметін қалыптастырады.

Осы мақсатта бүгін Түркістанда жастарға арналған «Red Bus» экскурсиясы ұйымдастырылып, қатысушылар қаладағы көрікті орындармен танысуға мүмкіндік алуда.

«ФАРАБ» КІТАПХАНАСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ӨТТ

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының қайта құрылғанына биыл бес жыл толып отыр. Осыған орай өткен брифингте мерейтой аясында өтетін халықаралық мәдени-рухани іс-шаралар, кітапхананың жетістіктері мен алдағы жоспарлары таныстырылды.

ТАЛАПКЕРЛЕР ОҚУҒА ҚҰЖАТ ТАПСЫРУДА

Жаз мезгілі – мектеп түлектері үшін жауапты кезең. Еліміздің жоғары оқу орындарында қабылдау науқаны басталып, талапкерлер болашақ мамандығына құжат тапсыруда. Бұл – олардың өміріндегі маңызды шешімдердің бірі. Толығырақ тілшіміз тарқатады.

+45 ГРАДУС ЫСТЫҚ: ТҮРКІСТАНДЫҚТАР АПТАПТАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУДА?

Түркістанды аптап қысты. Шаһарда сынап бағаны +40 градустан асып, тұрғындардың үйреншікті тіршілік ырғағын өзгертті. Қаладағы қазіргі ахуалды тілшіміз баяндайды.
КТМ: Күннің қызуы әсіресе тал түсте шарықтау шегіне жетеді. Көшеге шыққан жұрт қолшатыр мен бас киімсіз жүре алмайтын күйге жетті. Аптаптан бас сауғалаған халық тек көлеңкелі жерлерді жағалап жүр. Ал кейбір тұрғындар маңызды шаруаларын тек таңертең ерте немесе кешкі салқынға қалдыруға көшкен.