15 Ноя 2026, Вс

КӘСІПКЕР ӘЙЕЛДЕРГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК

Түркістанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мен мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. «Әйелдер кәсіпкерлігі. Білім беру – бірлескен шешімдер» тақырыбындағы өңірлік кездесуде мемлекеттік қолдау тетіктері, балабақшаларды лицензиялау және бизнесті дамыту бағытындағы бастамалар сөз болды.