Түркістан қаласындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында әлемдік стандарттарға сай «Turan» аквапарк және ойын-сауық кешенінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құрылыс алаңына барып, жобаны іске асыру барысын бақылады. Облыс басшысы құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзіміне ерекше назар аударып, инвестор мен жауапты басқармаларға жобаны белгіленген кестеге сәйкес аяқтауды тапсырды.
Ақпараттық порталы

