15 Ноя 2026, Вс

ЖАС ҰРПАҚТЫ СПОРТҚА БАУЛУ

Оқушылар сарайында балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне арналған спорттық үйірмелер жұмыс істейді. Соның бірі – таэквондо секциясы. Бұл спорт түрі жасөспірімдердің денесін шынықтырып қана қоймай, ептілікке, төзімділікке және тәртіпке баулиды. Біз секцияның бір күндік жаттығу барысына қатысып, жас спортшылардың дайындығын көрдік.