15 Ноя 2026, Вс

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ — КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗІ

Кәсіпкер үшін бизнесті бастау ғана емес, оны заң аясында қорғау да маңызды. Осы мақсатта Түркістан қаласында жергілікті бизнес өкілдеріне арналған оқыту семинары өтті. Кездесуде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, тауар белгілерін тіркеу және кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен түсіндірілді.