15 Ноя 2026, Вс

Түркістан жаңалықтары

«ЖАСТАР FEST» МЕРЕКЕЛІК ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Бәйдібек ауданында Халықаралық жастар күніне орай «Жастар Fest» мерекелік гала-концерті өтті. Ашық аспан астында ұйымдастырылған мәдени кеш аудан жастарының басын қосып, өнер мен шығармашылыққа қызығушылығын арттыруға бағытталды. Кеш барысында жастарға арналған түрлі мәдени бағдарлама ұсынылды.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Түркістан облысында кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің әр аудан-қаласынан келген 150-ге жуық азаматпен жеке кездесіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Бірнеше сағатқа созылған қабылдау барысында көтерілген әрбір мәселе бойынша жауапты мемлекеттік органдардың қатысуымен нақты шешу жолдары айқындалды.

ҰЙҚЫСЫЗДЫҚ — КҮЙЗЕЛІСТІҢ БАСТАУЫ

Қазіргі таңда ұйқысыздық — қоғамда жиі кездесетін өзекті мәселелердің біріне айналды. Қарбалас өмір салты,күйзеліс пен гаджеттерге тәуелділік ұйқының бұзылуына себеп болып отыр. Ұйқысыздық күйзелісті қалай күшейтеді және оның алдын алудың жолдары қандай? Тілшіміз тарқатады.

ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысында тарихи-танымдық экспедиция өз жұмысын бастады. Бір аптаға жоспарланған сапар барысында экспедиция мүшелері өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштер мен табиғи мұра нысандарын аралап, олардың туристік және рухани әлеуетін насихаттайды. Бағдарлама аясында Арыстан баб кесенесі, Отырар қалашығы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Ордабасы тауы, Сайрам-Исфиджаб, Ақмешіт үңгірі, Ақсу-Жабағылы қорығы, Машат шатқалы, Шардара су қоймасы мен Қазығұрт тауы қамтылады.

«ТЕМІРҚАЗЫҚ» ЖОБАСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ БАСҚОСУЫ

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында «Темірқазық» жобасы аясындағы кезекті ғылыми кездесу өтті. Басқосуда Ресей Федерациясының ғылыми кітапханалары мен қолжазба қорларына жасалған ғылыми іссапардың қорытындылары таныстырылып, Ясауитану бағыты бойынша анықталған жаңа қолжазбалар мен бұрын ғылыми айналымға енбеген тың деректер көпшілік назарына ұсынылды.

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ

Жылдар бойы адам аяғы сирек басқан аулаларға бүгін жан бітті… Бүгін полиция қызметкерлері күнделікті нысанды киімін емес, «Арлан» спорт клубының киімін киді. Қолдарына рация емес, күрек пен тырма алды. Мақсат — құқық бұзушыны іздеу емес, көмекке зәру жандардың үйіне барып, үнсіз жиналып қалған ауыртпалықты бірге көтеру.

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЧЕМПИОНДАР ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Түркістандық әуесқой футболшылар ел чемпионатында топ жарды. 50 жастан жоғары командалар арасында 6х6 форматында өткен шағын футболдан Қазақстан Республикасының I чемпионатында Түркістан қаласының командасы жеңімпаз атанды. Бүгін жеңімпаз спортшылар туған жерге оралып, темір жол вокзалында салтанатты түрде қарсы алынды.

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ: КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК

Қайтарымсыз грант иегері табиғи ағаштан балаларға арналған дамытушы ойыншықтар жасап, өнімдерін балабақшаларға ұсынуда. Сапалы әрі қауіпсіз ойыншықтар балалардың логикалық ойлауын, қиялын, ұсақ моторикасы мен шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған.

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ — ЖАС КӘСІПКЕРГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК

Кәсіп бастауға ниетті азаматтарға берілетін қайтарымсыз грант — жаңа бизнес идеяны жүзеге асыруға арналған мемлекеттік қолдаудың бір түрі. 2026 жылы бұл бағдарламаға қатысу талаптары нақтыланып, грант ең алдымен халықтың әлеуметтік осал топтарына бағытталды. Біз биыл грант иеленген жас кәсіпкерлермен кездесіп, бөлінген қаржының нақты іске қалай айналғанын көріп қайттық.