15 Ноя 2026, Вс

Түркістан жаңалықтары

БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Баланың балабақшадағы әр күні – жаңа білім мен жаңа дағдыға бастайтын маңызды кезең. Бұл уақытта бүлдіршін қоршаған ортамен танысып қана қоймай, өзара қарым-қатынас жасауды, тәртіпке бейімделуді және шығармашылық қабілетін дамытуды үйренеді. Бүгін біз Түркістан қаласындағы «ТОЛАҒАЙ» балабақшасының жұмыс барысымен танысып, бүлдіршіндердің күнделікті өміріне куә болдық.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Бала – болашақтың бастауы. Ал сол баланың бойына білім мен тәрбиенің алғашқы дәнін себетін орын – балабақша. Киелі Түркістан төрінде қырық жылдан бері бүлдіршіндерге тәрбие мен білім беріп келе жатқан – «Әлия» бөбекжай-балабақшасы.Бүгінде 10 топта 250 бүлдіршін тәрбиеленіп, 30 педагог еңбек ететін мекеме үшін әр баланың жан-жақты дамуы – басты міндет.

БАЛАБАҚША – БАЛАНЫҢ АЛҒАШҚЫ ДАМУ МЕКЕНІ

Түркістан облысында «Қайырымды іс-шара – жан азығы» атты игі шара ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – балаларға қуаныш сыйлап, олардың көңіл-күйін көтеру және қоғамдағы мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптеу. Шара барысында балаларға арнайы қызықты бағдарламалар ұсынылып, кино көрсетілді. Сонымен қатар бүлдіршіндерге түрлі сыйлықтар табысталды.

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЗҚАРАС

Түркістанға арнайы келген Еуропарламент депутаттары Мехмет Аккалым мен Виктория Теблом Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды. Сапар барысында қонақтар Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістермен танысып, жақында өткен Құрылтай сайлауы жөнінде пікір білдірді.
КТМ: Еуропалық парламент өкілдерінің Түркістанға сапары тарихи нысанға барумен қатар, маңызды саяси мәселелерді талқылауға ұласты. Кездесу барысында өткен сайлаудың ұйымдастырылуы, оның қоғамдық маңызы және азаматтардың саяси үдеріске қатысуы сөз болды.

БАЛАЛАРҒА СЫЙЛАНҒАН ҚУАНЫШ

Түркістан облысында «Қайырымды іс-шара – жан азығы» атты игі шара ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – балаларға қуаныш сыйлап, олардың көңіл-күйін көтеру және қоғамдағы мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптеу. Шара барысында балаларға арнайы қызықты бағдарламалар ұсынылып, кино көрсетілді. Сонымен қатар бүлдіршіндерге түрлі сыйлықтар табысталды.

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН САЛЫҚТЫҚ КЕҢЕСТЕР

Кәсіп бастау – үлкен жауапкершілікті талап етеді. Оның ішінде салық міндеттемелерін дұрыс орындау да бар. Кәсіпкер өз кәсібін заң аясында жүргізіп, қажетті құжаттарды уақытылы рәсімдеуі тиіс. Бұл ретте Халыққа қызмет көрсету орталығы азаматтарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді.

СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ӨНДІРІСТІК ҚУАТЫ ЕСЕЛЕНЕДІ

Түркістан облысының Түлкібас ауданында ауыз су және алкогольсіз сусындар өндіретін «Beibars Bottlers» (Бейбарс ботлерс) ЖШС зауытының екінші кезеңінің капсуласын салу рәсімі өтті. Аталған жоба – өңірдегі өндірістік әлеуетті арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған ірі инвестициялық жобалардың бірі. Кәсіпорынның І кезеңін іске асыруға 9 млрд теңге инвестиция тартылып, нәтижесінде 100-ден аса жаңа жұмыс орны ашылды. Бүгінде зауыттың өндірістік қуаты жылына 120 мың тоннаны құрайды. Кәсіпорын темір және пластикалық құтыдағы «RC» маркалы сусындар өндіреді. Өндірілген өнімнің 51 пайызы Ресейге, 26 пайызы Қырғызстанға экспортталса, 23 пайызы ішкі нарықта сатылады. Салтанатты іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, кәсіпорын жұмысына сәттілік тіледі.

ОБЛЫС ӘКІМІ ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің облыстағы аудан, қала тұрғындарымен кездесуі жалғасып жатыр. Бұл жолы облыс әкімі Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездесті.

ТАРИХ ПЕН РУХАНИЯТТЫ ТОҒЫСТЫРҒАН МӘДЕНИ ОРДА

Бәйдібек ауданындағы сәулет-көркем музейі – өңірдің тарихы мен мәдени мұрасын танытатын тағылымды мекен. Мұнда келушілерге музей қорындағы құнды жәдігерлер мен тарихи деректер кеңінен таныстырылды.Экскурсия барысында кітапхана бөлмесіне де ерекше назар аударылды.