Түркістан облысында кәсіпкерлердің мәселесін жедел шешуге бағытталған жұмыстар күшейтілді. Жыл басынан бері Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінде 11 мәселе қаралып, бірқатар ұсыныс республикалық деңгейге шығарылды. Басты басымдық – бизнестің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін түйткілдерді шешу және кәсіпкерлермен тікелей байланысты арттыру.
Қарыз жүктемесі артқан жағдайда азаматтарға заң аясында қаржылық жағдайын реттеудің бірнеше мүмкіндігі қарастырылған. Соның бірі – соттан тыс банкроттық рәсімі. Түркістан қаласында бұл тетікке жүгінетін азаматтардың саны да аз емес. Биылғы көрсеткіштер мен рәсімнің талаптарын мамандар түсіндіріп берді.
Түркістанда этномәдени бірлестіктердің басын қосқан «Бірлікке үн қосқан» республикалық фестивалінің өңірлік байқауы өтті. Мәдени шараның негізгі мақсаты – этносаралық келісімді нығайтып, түрлі этнос өкілдерінің өнері мен мәдени мұрасын кеңінен насихаттау. Байқау аясында өнерпаздар ұлттық дәстүрі мен шығармашылығын көпшілік назарына ұсынды.
Түркістан облысының қос балуаны еркін күрестен U20 әлем чемпионатынан жүлдемен оралды. Словакияның Братислава қаласында өткен байрақты бәсекеде Бекасыл Асамбек күміс, Нұрасыл Асамбек қола медаль иеленді. Жас спортшыларды Түркістан халықаралық әуежайынан спорт саласының өкілдері, жаттықтырушылар, туған-туыстары мен достары салтанатты түрде қарсы алды.
Заңның үстемдігі сақталған жерде ғана тұрақтылық пен қоғамдық қауіпсіздік орнығады. Сондықтан құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Осы мақсатта Бәйдібек ауданында құқықтық профилактика мәселелеріне арналған жедел кеңес ұйымдастырылды.
Жаңа оқу жылы қарсаңында Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шарасы өтті. Игі бастама барысында 500 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдары табысталды. Шараға қала әкімінің орынбасары, зиялы қауым өкілдері және ел азаматтары қатысып, балаларға ізгі тілектерін жеткізді.
Бәйдібек ауданындағы Қызыл көпір – талай кезеңнің куәсі болған тарихи нысан. Көне көпірдің бойындағы әрбір із өңірдің өткені мен ел тарихынан сыр шертеді.Тарихи деректерге сүйенсек, Қызыл көпір ертеден елді мекендерді байланыстырып, жолаушылардың өзеннен қауіпсіз өтуіне қызмет еткен. Көпір маңынан өткен керуендер мен жолаушылар үшін бұл нысан маңызды өткелдердің бірі болған.
Бәйдібек ауданындағы Домалақ ана кесенесі – ел жадында ерекше орны бар тарихи-рухани нысандардың бірі. Халық арасында Нұрила анамыздың өмірі мен көрегендігіне қатысты бірнеше аңыз-әпсана сақталған. Толығырақ кесенеге барып қайтқан тілшіміз Аружан Маханбет әңгімелейді.
Бәйдібек ауданындағы Ақмешіт үңгірі – тарих пен табиғат тоғысқан ерекше орын. Ғалымдардың айтуынша, оның пайда болуына жер асты сулары мен геологиялық процестер әсер еткен.
Бәйдібек ауданындағы Шаян ауылында орналасқан Аппақ ишан мешіт-медресесі – өңірдің діни-ағартушылық тарихынан сыр шертетін көне нысандардың бірі. ХІХ ғасырда бой көтерген бұл білім ордасында талай шәкірт діни сауатын ашып, білім алған.